Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

Хабарландыру!!!

Құрметті Тереңөзек кентінің тұрғындары мен қонақтары!

2023 жылдың 9 маусым күні сағат 15:00 мен 18:00 аралығында Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті Аманкелді Иманов көшесінің бойында оқу-жаттығулар жиыны өтеді.

Оқу-жаттығуларды өткізу кезінде және көрсетілген уақытта шектеу шаралары қолданылады. Сонымен қатар, Тереңөзек кенті бойынша А.Иманов көшесінің бойында А.Иманов көшесі мен Қазақ көшесінің қиылысынан бастап, Қызылорда – Жалағаш трассасының қиылысына дейінгі аралық, А.Иманов көшесімен қиылысатын Н.Ергешбаев, Н.Бердіқұлов көшелері жабылады.

Кент орталығына қатынас уақытша И.Тоқтыбаев көшесімен жүзеге асырылатын болады.

Осыған байланысты, кент тұрғындары мен қонақтарынан сабырлық сақтауларыңызды және өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Сырдария аудандық жедел штаб
09 маусым 2023 ж. 210 0