Терроризмге қарсы оқу жаттығу шаралары өткізілуде!
2022 жылдың 20 шілде күні ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы қызметкерлерімен бірлесіп, Қызылорда облысы Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті Д. Қонаев көшесінің бойында орналасқан «Сырдария аудандық мәдениет үйі» ғимаратында терроризм актілерін алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы антитеррористтік оқу-жаттығулары өтуде.
Осыған байланысты кент тұрғындары мен қонақтарынан сабырлық сақтауды және өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және оқу-жаттығуларды өткізуге тартылған құқық қорғау органдарының заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
Оқу-жаттығуларды өткізу кезінде шектеу шаралары өткізіледі және Тереңөзек кенті бойынша Қонаев көшесінің А.Иманов пен А.Әлиакбаров аралығы, А.Құнанбаев көшесінің Д. Қонаев пен Ж. Жабаев аралығы, Ж. Жабаев көшесінің А. Құнанбаев пен А. Иманов аралығы, А. Иманов көшесінің Д. Қонаев пен Жеңістің 50 жылдығы аралығы жабылады. Көрсетілген аймақта көлік құралдарының, қозғалысын ішінара шектеу мүмкін болады.
Сырдария аудандық жедел штаб