Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Сырдария аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын қалыптастыру туралы хабарлама

Сырдария аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын қалыптастыру туралы хабарлама

Сырдария аудандық мәслихаты «Қазақстан Республика­сындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10 және 15 баптарына сәйкес мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын қалыптастыру туралы хабарлайды.
Округтік сайлау комиссиялары келесі сайлау округтерде қалыптастырылады.
1. Тереңөзек кентінде № 1 сайлау округі;
2. Тереңөзек кентінде № 2 сайлау округі;
3. Тереңөзек кентінде № 3 сайлау округі;
4. А.Тоқмағанбетов а/о № 4 сайлау округі;
5. Қалжан Ахун а/о № 5 сайлау округі;
6. Ақжарма а/о №6 сайлау округі;
7. Шаған а/о №7 сайлау округі;
8. Н.Ілиясов а/о №8 сайлау округі;
9. Қоғалыкөл а/о №9 сайлау округі;
10. Бесарық а/о №4 сайлау округі;
11. Аманкелді а/о №11 сайлау округі;
12. Айдарлы а/о №12 сайлау округі;
Округтік сайлау комиссияларының саны 12 және әр комиссия 5 адамнан қалыптастырылады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына сәйкес саяси партиялардан немесе өзге де қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссиясынан ұсыныстар қабылданады. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиясы 2023 жылдың 1 қаңтары мен 15 қаңтары аралығында мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша округтік сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) округтік сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың округтік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері;
5) Соттылығы жоқ туралы анықтама;
6) Психикалық, наркологиялық және туберкулез диспансерінде тіркеуде жоқ туралы анықтама.
Округтік сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері аудандық мәслихаттың https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-syrdarya/press/events/details/16655?lang=ru сайтында орналастырылған.
Округтік сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Округтік сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 1 қаңтары мен 15 қаңтары аралығында дүйсенбі - жұма күндері 09:00-19:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін. Белгіленген мерзімнен кейін түскен құжаттар қаралмайды.
Мәслихаттың орналасқан жері: Тереңөзек кенті, А.Әлиакбаров көшесі, 24 үй.
Жауапты адам – Токманов Самат Тасболатвич, байланыс телефоны (872436)21057, ұялы телефоны 8-771-542-11-15. Электрондық пошта мекенжайы syr.maslihat@mail.ru

Сырдария аудандық мәслихаты
30 желтоқсан 2022 ж. 597 0