Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «112» БІРЫҢҒАЙ КЕЗЕКШІЛІК – ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

«112» БІРЫҢҒАЙ КЕЗЕКШІЛІК – ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ


Азаматтар арасында шұғыл көмек шараларын талап ететін төтенше жағдайлар туындау қаупі және туындауы туралы хабарламаларды қабылдайтын «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет ең танымал болып табылады. Осы ретте, Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, аудан тұрғындарына
ЕСКЕРТЕДІ:
– «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметін және «101» өрт сөндіру бөлімінің қызметін тиімді пайдалану; – Тек нақты орын алған оқиғалары бойынша жоғарыдағы баланыс қызметіне хабарласу;
– Хабар берген азамат (азаматша) өзін таныстырып, мекен - жайын, баланыс телефонын, нақты болған мән жайды түсіндіру;
– Кәмелетке толмаған азаматтарға (азаматшаларға) жоғарыдағы байланыс қызметіне хабарлсуды тиым салу; Аудан тұрғындары бейіндік емес бағытта қоңырау шалған жағдайларда ҚР ӘҚБтК-нің 438- бабы «Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру» бойынша жауапкершілкке тартылады.
1. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру – жеке тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған не аварияларды, өрттердi, дүлей зілзала салдарын жою кезеңiнде жасалған әрекеттер – жеке тұлғаларға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, он төрттен он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер – ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
17 қыркүйек 2018 ж. 1 663 0