Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » “Еркін сөз”-2021 байқауына материалдар қабылдануда

“Еркін сөз”-2021 байқауына материалдар қабылдануда

Түркітілдес журналистер қоры жыл сайын бірнеше байқау өткізеді. Солардың бірі – “Еркін сөз”. Түркітілдес журналистер қоры және “Halyk Bank” Акционерлік қоғамының серіктестігімен, қазақстандық БАҚ өкілдері арасында өтетін “Еркін сөз”-2021 шығармашылық байқауының ережесін жариялап отырмыз. Қаржы тақырыбына арналатын Байқауға Қазақстанның барлық облыс, аудан, ауыл, аймақтарынан журналистер қатыса алады. БАҚ өкілдері “Үздік мақала”, “Сайттағы үздік мақала” және “Үздік телесюжет” аталымдары бойынша сайысқа түседі. Әр аталым бойынша Бас жүлде – 500 000 теңге. Толық ақпарат үшін: +7 775 166 8920.

«ЕРКІН СӨЗ»-2020 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ
1. Жалпы ережелер
2. БАҚ өкілдері арасында өткізілетін «Еркін сөз» шығармашылық байқауы (бұдан әрі – Байқау) журналистердің қаржы саласындағы шығармашылық қарымын күшейту және кәсіби тұрғыда ынталандыру мақсатында өтеді.
3. Байқаудың міндеттері:
Қазақ журналистерінің кәсіби біліктілігін көтеру;
Журналистерді ынталандыру;
4. Сыйлықтарды тағайындау және дипломдар мен ақшалай сыйлықтарды тапсыру 2021 жылдың 31 тамызында өтеді.
5. Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.
6. Байқау комиссиясының құрамына белгілі журналистер, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіре алады.
7. Байқау комиссиясы жеңіске талпынған БАҚ өкілдерін іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады:
материалдардың объективтілігі;
кәсіби шеберлігі;
мәселенің көтерілуі және оны жан-жақты ашып көрсету;
материалдар туғызған қоғамдық резонанс пен түйткілдерді шешу жолдары; ұсынылған материалдардың Қоғамға пайдалылығы.

8. Байқауды өткізуді үйлестіру.
Байқауды өткізу жұмысын үйлестіру “Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті бекітетін Байқаудың ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі.

9. Ашықтық.
Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер, қызығушылық танытушы тұлғалардың барлығына танысу үшін ұсынылады. Ереже БАҚ-та жарияланады.

10. Жеңімпаздар келесі Байқауға 2 жылдан кейін ғана қатысуға құқылы.

11. Байқауға қатысу шарттары

Байқауға қатысуға қазақ тілінде жазатын және хабар тарататын барлық республикалық, халықаралық және аймақтық БАҚ өкілдері шақырылады.

12. Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы.
Байқауға қатысуға қаржы тақырыбындағы, оның ішінде банк саласына қатысты материалдар қабылданады. 2021 жылдың 01 қаңтарынан 2021 жылдың 23 тамызына дейін жарияланған немесе эфирге шыққан МАҚАЛА мен ТЕЛЕСЮЖЕТТЕР қабылданады.
13. Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар.
Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) және Word нұсқасы ұсынылуы тиіс. Байқауға ұсынылатын материал шыққан газетті суретке түсіріп, жіберуге болады.
Дыбыстық-визуалды жұмыстар үшін телеарна сайтына сілтеме ұсынылуы тиіс.
Электрондық БАҚ журналистері (сайт, портал, онлайн газеттер) жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап, cілтеме жолдауы қажет және материалдың Word нұсқасы бірге жіберілуі тиіс.
Материалдар мемлекеттік тілде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2021 жылдың 23 тамызы, сағат 23.50-ге дейін.
Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, журналистің 3х4 см мөлшеріндегі фотосуреті мен ұялы телефон нөмірі.
Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны.
Бір журналист ұсынатын материалдың саны 1-ден аспайды.

14. Жұмыстар байқаудың Ұйымдастыру комитетіне хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей ұсынылады. Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар Байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.
15. Байқаудың өту кезеңдері
Алғашқы кезең.
Қазақстандық БАҚ арқылы БАҚ өкілдеріне Байқауды өткізу туралы және оған қатысу шарттары туралы хабарландыру жарияланады.
16. Байқауды өткізудің негізгі кезеңі.
Байқау материалдары байқаудың Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына немесе электронды поштаға 2021 жылдың 23 тамызы сағат 23.50-ге дейін келіп түседі. Байқауға берілген өтініштерді қараудың регламентін Байқау комиссиясы белгілейді. Байқау комиссиясы өз жұмысының нәтижесі бойынша Байқау жеңімпаздарын анықтайды.

17. Қорытындылау.
Жеңімпаздарды жариялау мына аталымдар бойынша Байқауды жалпы қорытындылау шеңберінде жүзеге асырылады:
Үздік видеосюжет (телевидение);
Үздік мақала (газет);
Сайттағы үздік мақала;

18. Жеңімпаздарды марапаттау.
19. Байқау материалдарын бағалау және іріктеу процедурасы
Байқау материалдарын бағалау барысында келесі шарттар назарға алынады: белгіленген тақырыпқа сәйкестік; жаңашылдық; мәселені талдаудың тереңдігі; нақтылық пен логикалық негізделуі; мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы; авторлық тұжырымдаманың дербестігі; жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы; журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі; сыртқы безендірілуі.
Ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері
20. Ұйымдастыру комитеті:
Байқау туралы осы ереженің талаптарына сәйкесіздіктерді негізге ала отырып, үміткерді Байқауға қабылдамауға;
қандай да бір үміткерге қатысты Байқау комиссиясының мүшесі өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталған кезеңде Байқау қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы.
21. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:
А) Барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;
Ә) Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;
Б) Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.
22. Байқау комиссиясының құқықтары мен міндеттері
Байқау комиссиясы мыналарды іске асыруға құқылы:
Байқауға түскен материалдарға баға беру;
Жеңімпаздарға сыйлықтар тағайындай отырып, байқауды қорытындылау.
Байқау комиссиясының міндеттері:
барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;
байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.
*Байқау комиссиясы мүшесінің Байқауға қатысуына жол берілмейді.

23. Қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

Байқауға қатысушылар мыналарды іске асыруға құқылы:
А) Байқаудың өту шарттары мен тәртібі туралы ақпараттар алу;
Ә) Ұйымдастыру комитетінен осы Ереженің тармақтарына түсіндіруді сұрау;
Б) Байқауға қатысу үшін материалдар жолдау.

24. Байқауға қатысушылардың міндеттері:
А). Байқаудың мән-жайымен алдын-ала танысу, Байқауға қатысу үшін қойылатын талаптарды зерттеу;
Ә). Осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген материалдарды уақытылы ұсыну;
Б) Осы Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау.
Байқауға қатысушылар келесілер үшін жауапты:
А) Материалдар мен түйіндемеде көрсетілген ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін;
Ә) Осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен процедураларды сақтамағаны үшін.
Медиа ресурстар.
Байқауға ақпараттық қолдау жаса уды ақпараттық серіктестіктер қамтамасыз етеді.Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты.
Байқаудың ұйымдастыру комитеті: Алматы қаласы, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ, Алматы қаласы, 050008, Жароков көшесі, 39 А. 401-кеңсе.
Call centre: + 7 775 166 8920; электронды пошта: erkinsoz2021@gmail.com.

Түркітілдес журналистер қоры 2014 жылдың 11 қарашасында құрылған. Бас кеңсесі – Алматы қаласында. Қор жанынан Әйел журналистер клубы, Жас журналистер мектебі, Медиа тренерлер мектебі ашылған. Түркітілдес журналистер қорының басты мақсаты – БАҚ өкілдерінің кәсіби білігін шыңдау.

13 тамыз 2021 ж. 541 0