Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауа-райы құбылмалы болады

Ауа-райы құбылмалы болады

9 қыркүйекте ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады,- деп хабарлайды baq.kz

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, кей жерде жаңбырмен бірге найзағай күтіледі, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстікте – дауыл, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста тұман түсуі ықтимал. Тек батыста күн ашық.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерінде найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды және Ақмола облыстарында бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде найзағай жарқылдап, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Түркістан және Қызылорда облыстарында дауыл, Жамбыл облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы, Қостанай, облыстарының кей жерінде найзағай, жел 15-20 м/с, Қостанай облысында – тұман.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде найзағай, тұман күтіледі.

Түркістан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Қарағанды облысының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

09 қыркүйек 2019 ж. 481 0