Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ХАЛЫҚ ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН ҚҰЖАТ

ХАЛЫҚ ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН ҚҰЖАТ

Қазақстан Республикасының қолда­ныстағы Конституциясы республикалық референдумда қабылданғанына биыл 24 жыл толып отыр. Халық қалауының көрінісі іспеттес Республика Конституциясы осы жылдар ішінде мемлекеттің өркендеп дамуының алынбас қамалына және ұлттық құқықтық жүйенің түп қазығына айналды. Негізгі Заңды қатаң сақтау және тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы айқындап бер­ген дұрыс бағыттың арқасында, Қазақстан тарихи өлшемдегі қас­қағым мерзімде егемен және тең құқылы мемлекет ретінде қалыптасып қана қоймай, әлемдегі бәсекеге неғұрлым қабілетті 50 елдің қатарынан көрінді. Енді «Қазақстан – 2050» стратегиясының басты мақсаты – әлемдегі дамыған 30 елдің легіне енуге ұмтылуда. Өз кезегінде, Республика Конституциясы сіресе қатқан құжат күйінде қалмай, қажетті саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұлттық және өзге де жағдайлардың пісіп жетілуіне қарай, өткізіліп отырған реформаларға құқықтық база жасап және қоғамдық қатынастар конституциялық жолға түсуінің тиісті деңгейін қалыптастырды. Әрі заманауи қыр көрсетулер мен трендтерге пара­пар өзгертіліп отырды. Сол арқылы Негізгі Заңның тұрақтылығы мен серпінділігі арқасында қажетті тепе-теңдікке қол жетіп, оның жасампаз мүмкіншіліктері кезең-кезеңмен кеңірек ашылды. Азаматтар мен мемлекеттік органдардың оған деген сұранысы арта түсті.

Н.ДАЙРАБАЕВ,
аудандық әділет басқармасының басшысы
30 тамыз 2019 ж. 493 0