Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 84 газет

04 қараша 2025 ж.

№83 газет

01 қараша 2025 ж.

№82 газет

29 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Қ.ТОҚАЕВ ҚАРАҒАНДЫҒА КЕЛДІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Қ.ТОҚАЕВ ҚАРАҒАНДЫҒА КЕЛДІ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жазды.

Оның мәліметінше, сапар барысында Мемлекет басшысы бірқатар индустриялық және әлеуметтік нысандармен танысады. Қарағандыда Президенттің төрағалығымен еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы жөнінде кеңес өтеді.


"Бағдарламаға сәйкес түстен кейін сапар Жезқазғанда жалғасады. Онда Қ.Тоқаев мыс балқыту зауытының жұмысымен танысады. 24 тамызда Мемлекет басшысы Ұлытауда өтетін Халықаралық туризм форумына қатысады және ІІ "Жезкиік" халықаралық музыка фестиваліне барады", - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.
23 тамыз 2019 ж. 879 0