Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАТЫСАДЫ

ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАТЫСАДЫ

Биыл Тамыз конференциясына алғаш рет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды tirshilik-tynysy.kz тілшісі.

"Тамыз конференциясының соңғы дайындығын министр Асхат Аймағамбетовпен пысықтадық. Ұлағатты ұстаздардың биылғы алқалы жиынына алғаш рет Мемлекет басшысы қатысады.

Жылда жер-жерден келетін мұғалімдердің саны 500 болса, биыл 2000-нан асады. Бұл биылғы Тамыз конференциясының қаншалықты маңызды екенін көрсетсе керек", - деп жазды Берік Уәли. 

Сондай-ақ ол Тамыз конференциясында мұғалім мәртебесі, оқулықтар мәселесі, озат оқушы тәрбиелеу, мектептер, үштілділік және басқа да білім және ғылым саласының түйткілді мәселелері көтерілетінін айтты.

Дереккөз Тengrinews.kz
16 тамыз 2019 ж. 989 0