Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

№ 52 газет

15 шілде 2025 ж.

№ 51 газет

12 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Астананың оң жағалауында ақылы тұрақ ашылады

Астананың оң жағалауында ақылы тұрақ ашылады


2018 жылы Астананың үш ауданында ақылы тұрақ ашылады. Әзірге тек Есіл ауданындағы «Нұржол» желекжолында ғана ақылы болып тұр. Бірақ бұл аумақ та кеңейтіледі, деп хабарлайды Вaq.kzақпарат агенттігі informburo.kz басылымына сілтеме жасап.
«Біздің жобамыздың басталғанына көп болды. 2018 жылдың 15 қаңтарында «Нұржол» желекжолында ақылы тұрақты аштық. Енді наурызда немесе наурыздың соңына қарай ақылы тұрақ аумағын кеңейтеміз. Оң жағалаудан ашамыз», - деді «Астана тұрақ алаңы» ЖШС директорының орынбасары Нұрлан Қуанышев.
Бірақ, ең алдымен, Мәңгілік ел, Сарайшық, Сығанақ көшелері және Қабанбай батыр даңғылы аумағындағы учаскелер ақылы болады.
Келесі ақылы тұрақ оң жағалауда – Уәлиханов, Бараев көшелері және Республика, Сарыарқа, Бөгенбай батыр даңғылдарының аумағында ашылады.
Сонымен қатар, Манас, Пушкин, Қажымұқан Мұңайтпасов, Жұмабаев, Момышұлы көшелері мен Абылай хан даңғылының аумағында да бірнеше учаске ақылы болмақ.
31 қаңтар 2018 ж. 1 157 0