Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БАТЫР БАБАЛАРЫМЫЗ...

БАТЫР БАБАЛАРЫМЫЗ...


1757 жылы Қаракерей Қабанбай 67-де екен. Сол жылы қазақ-қалмақ Тарбағатай, Алакөл төңірегінде соғысады. Бұл кез – «Ақтабан шұбырынды» аяғы қазақтардың ғажап-ғажап жеңістеріне ұштасып, жау қолында қалған қазақ жері түгелдей дерлік жаудан тазарып қалған кез. Қазақтың бетін қайтсек қайтарамыз деп, қалмақтар әрі сасып, әрі жанталасып, жатқан шақ. Сол соғыста жиырманың ішіндегі қалмақтың Арқауыл деген жас батыры: «Жекпе-жекке менімен Қабанбай шықсын!» - деп ұрандайды. Арқауыл алпамсадай аса ірі жігіт екен. Қарагер атқа мініп ортаға шыға келгенде, астындағы аты есек сияқтанып көрініпті. Қабанбайды жекпе-жекке шақыртып отырған қалмақ басшылары Шахдор мен Убашаның бұл жолғы есебі бұрыннан белгілі, сыналған есепті. Бір ғасыр бұрын, дәлелдеп айтқанда, 1653 жылы, егде тартып қалған Салқам Жәңгірді де Сесен деген қалмақтың он жеті жасар ұлы Қалдан (Қалдам деушілер де бар) өстіп жекпе-жекке атап шақырған. Сәскеден ұлы бесінге дейін созылған жекпе-жекке Жәңгір шыдас берме алмай, жас қалмақ ақырында оны сайып түсірген-ді. Қалмақтар бұл жолы да сондайдан дәмелі болған. Арқауылдың да мақсаты – сайысты ұзаққа созып жеңу.
Сол жолғы соғыста әлі хан сайланбаған Абылай сұлтанның өзі басқарған екен. Қазақтар алпамсадай Арқауылды көріп, қатты сасады. Абылай да , басқалар да қалмақтардың түпкі ойын түсініп тұр. Сонда Абылай қолбасшы өзі атынан түсе қалып, шап айылын тартады да: 
- Мен шығайын! – дейді. – Қабекеңді қайткенде де жібермеу керек. 
- Саған болмайды, - деп, бәрі оған қарсы болады. Сонда Абылай: 
- Ендеше, ағалар, атой салайық! – депті. 
Атой салуға, әрине, болатын еді. Бірақ оның намысқа тиетін жері бар. «Қабанбай қорыққан соң, қазақтар жабылып шапты», - дейді жау. 
- Қабанбайды жібермеу керек, - деп, Бөгенбай да мазаланды. 
- Ажалына асығып тұр екен, өзім-ақ барайын, - дейді Қабанбай мұрты тікірейіп. 
- Қабеке! Қойыңыз! – деп, оған Абылай тағы жалынады. 
- Наурызбай шықсын, Наурызбай! – деген жұрт арасынан сөз шығады. Өйткені ол да Арқауылдай аса ірі болған. 
- Қабанбай, шық бері! – деп, Арқауыл қазақша айқайлай бастайды. 
- Мен шығайын. Ұрыс ұзаққа кетеді. Қабекеңнің шыдауы қиын болады, - дейді Наурызбай торы ала атының құйысқанын қысқартып, шап айылы мен төс айылын қайта тартып.
Бірақ Қабанбай ешкімді тыңдамайды. Қой қайыруға кетіп бара жатқан адамша найзасын көлденең ұстап ортаға беттейді. Екіленіп шаппайды да, текіректеп желмейді де, жайбарақат. Оны көріп, Арқауыл тұра шабады. Менмен батырдың оңтайлап келе жатқан найзасын Қабанбай қылышпен астынан қағып жіберіп қақ бөліп тастайды. Арқауыл қайта барып, тағы бір найза ұстап қайтады. Бірақ бұл жолы ол да қынабынан қылышынан суырады. Қазақтың батыр шалы найзасын бақан құрлы көрмегінінен ол да ой түйсе керек. Алайда жас батыр қылышынан сермеп те үлгермейді, Қабанбайдың найзасы иығынан тиіп, атынан ауып қалады.
Арқауыл атына қайта міне берем дегенде, Қабанбай оны найзамен қайта сайып түсіреді. Енді ол Қабанбайға жаяу ұмтылады. Қабанбай қалқанмен қорғанып қалады. Арқауылды өлтірейін деген адамдай емес, онымен ойнап жүргендей, шегіндіре-шегіндіре қалмақ батырын атынан алыстатып әкетеді де, бір сәт Қабекең тақымын қысып қалғанда, асытындағы Қубас ат тікесінен тіке секіріп Арқауылдың тап қасына жетіп барады. Көз ілеспес жылдамдықпен Қабанбайдың алмас қылышы жарқ етеді. Арқауылдың басы қаққа бөлінеді.

23 қаңтар 2018 ж. 3 453 2

Гость JeaOrer от 6 ақпан 2019 16:53
Viagra Generika Gefahrlich Free Amoxicillin Cvs п»їcialis Best Canadian Pharmacy To Buy From Over The Counter Kamagra Viagra Precio En Farmacia Pastillas Cialis Donde Comprarlas Cialis Reflusso Gastroesofageo generic 5mg cialis best price Kamagra What Is It Where To Purchase Stendra cialis from canada Buyhaldolonlinewithoutprescription

inheli от 15 маусым 2019 07:07