ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ: СЫРТҚЫ САУДАНЫҢ ЖИЫНТЫҚ КӨЛЕМІ АРТУДА
Осыдан бес жыл бұрын достас мемлекеттер арасында Еуразиялық экономикалық одақ құрылып, өзара байланысты нығайту көзделді. Бастапқыда интеграциялық бірлестік құруға Қазақстан, Ресей және Беларусь Президенті арасында келісім болды. Экономикалық одақ жаңа мүшелердің кіруіне арналған халықаралық ұйым болған соң Армения мен Қырғыстан мемлекеті қатарға қосылды.
Одақ өз жұмысын бастаған сәттен бес ел арасындағы байланысты нығайтты. Өзара ынтымақтастық елдердегі өнеркәсіп әлеуетін арттыруға, бәсекелестік ортаны қалыптастыруға септігін тигізді. Әуелгі мақсат та осы болатын. Яғни мүше мемлекеттер халқының өмір сүру деңгейін жақсарту мүдделерінде экономикаларының тұрақты дамуы үшін жағдай жасау, одақ шеңберінде тауарларға, қызметтерге, капиталға және еңбек ресурстарына арналған бірыңғай нарық құру ұмтылысы және жаһандық экономика жағдайларында ұлттық экономикаларды жан-жақты жаңғырту, кооперациялау және бәсекеге қабілеттілігін арттыру көзделген еді. Соның негізінде қазір экономиканы дамыта отырып, ортақ нарық қалыптастыру, сол арқылы мемлекеттің қарқынды өркендеуі қамтамасыз етілуде. Нәтижесінде сыртқы және өзара сауда артып, ЕАЭО-дан үшінші елдерге шығарылатын экспорт көлемі ұлғайды. Бұған қоса шикізат өнімдерінің үлесі азайып, жоғары қосылған құн тауарларының үлесі артуда. Бұл арада экономикалық құқықтардың тең дәрежеде болуы басты назарда. Сондықтан көптеген әлемдік сарапшылар интеграцияның мүмкіндігі мол екенін, оның тиімділігін айтуда. Нарық қатынасының дұрыс векторы қалыптасқан соң бүгінде еркін сауда аймағына қосылуға көптеген мемлекет қызығушылық танытып отыр.
Еуразиялық экономикалық одақтың бес жылдық жұмысында айтарлықтай жетістік бар. Атап айтқанда, елдер арасында сыртқы сауданың жиынтық көлемі жыл сайын артып келеді. Ішкі нарықта да оң өзгеріс бар. Мәселен ҚР-ның Одақ елдерімен тауар айналымы 2018 жыл қорытындысы бойынша 19,1 млрд долларына жетті. Бұл өткен жылдың көлеміне қарағанда 10,1%-ке артық (17,4 млрд долл.). Осы жылдың соңғы мәліметтері бойынша (қаңтар–сәуір) өзара сауда айналымы 6,1 млрд долларға (+0,1%) жетті. Қазақстанның сыртқы сауда көлемінің жиынтығы 2018 жылы 93,5 млрд. долларды (+20,5% жылына) қамтыды. ЕАЭО мүше елдердің үлес салмағы ҚР тауар айналымы құрамында 21,3% құрады. Қазақстанның ЕАЭО-мен өзара қарым-қатынасы 2018 жылы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты жоспарлы түрде дамытқанын көрсетті.
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 2019 жылдың төрт ай ішінде 6,1 млрд. долларға жетті. Қазақстан мен ЕАЭО тауар айналымы құрылымында Ресей барлық сыртқы сауданың 91,8%-ін қалыптастырып отыр. Ресей – бұрынғыдай Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі. 2019 жылдың алғашқы 4 айдың ішінде екі ел арасындағы тауар айналымы 5,7 млрд долларды құрап отыр (бір жыл бұрын – 5,6 млрд доллар). Ағымдағы өсу қарқынын сақтай отырып, 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан-Ресей тауар айналымы 18 млрд. доллардан асуы мүмкін.
ЕАЭО мен ҚР-ның тауар айналымының арасындағы құрылымында дәстүрлі түрде импорт басым, оның үлесі 2019 жылдың 4 ай ішінде 69,6% құрады, бұл 4,3 млрд долларға тең. Экспорт өз кезегінде, 30,4% немесе 1,9 млрд долларды құрады.
Одақ аясында бірлескен нарықтар құру жөніндегі ұлттық және ұлттықтан тыс деңгейлерде ЕАЭО елдері арасындағы өзара сауданы дамыту негізгі факторларының бірі 2018 жылы қабылданған шаралар болды. Бұл шаралар интеграциялық процестердің жылдамдығын арттырып, барлық қатысушылардың айқын, өзара тиімді шарттарының тиімділігін қамтамасыз етті. Мәселен, осы ЕАЭО құрылған жылдар ішінде бірыңғай еңбек нарығы, қызметтер, медициналық бұйымдар, дәрілік заттар қалыптасты. Биылғы жылы ортақ электр энергиясы нарығын құруды аяқтау жоспарлануда, ол айқын баға белгілеуді орнатуға мүмкіндік бермек және осы саланың өсуін ынталандырады. Ал 2025 жылға қарай мұнай мен мұнай өнімдерін, газ, көлік қызметтерін, сондай-ақ қаржы нарығының жалпы нарығын құру жоспарланып отыр.
Жалпы одақ мемлекеттердің жиынтық экономикалық көлемі 2018 жыл қорытындысы бойынша 1,9 трлн. долларын құрады. Халық саны – 184,1 млн. адам. Өткен жылы одақтың барлық экономикаларда оң өзгерісін көрсетті. Қазақстанның ЖІӨ өсімі – 4,1%, Ресейде – 2,3%, Беларусь – 3%, Қырғызстан – 3,5%, Армения –5,2% құрады.
Бес жыл ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық аренадағы беделі артты. Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас нығайды, байланыс күшейді. Соның негізінде мемлекеттер халқының әлеуеті артып, өмір сүру деңгейі жақсаруда. Алдағы уақытта да өзіндік заңы қалыптасқан, әлемге ашық көп миллиондық нарыққа айналған интеграцияның ел экономикасын дамытуға айрықша серпін берері сөзсіз.

Е.БЕРКІНБАЕВ