СҮРІНІП КЕТІП, БҮЛІНГЕН ТАҒДЫР
Өмір жолының соқпағы мен бұралаңы көп, сәл қателессең өміріңде ұмытылмас өкінішке алып келері сөзсіз. Балалықпен байқамай жаза басып жүрген жастар елімізде аз емес. Осындай жайлардың алдын алу мақсатында Сырдария аудандық пробация қызметінің ювенальды әділет тобының инспекторы, пробация есебінде тұрған жасөспірімдердің оқу орыны мен мекенжайына баруды күн тәртібінен түсірген емес. Олардың ата-аналарымен кездесіп, отбасындағы әлеуметтік жағдайларымен танысып, сабақтан бос уақыттағы тыныс-тіршілігін зерттеуді әдетке айналдырған. Кәмелеттік жасқа толмаған жастар арасында әңгімелесіп, түсінік жұмыстары жүргізіліп отырылады. Өркениетті қоғамда қалыптасқан сыйластық қарым-қатынасты бұзбай өздерін жақсы жағынан таныта білген жағдайда, дұрыс жолға түсуге ұмтылған жастарға әрқашан көмегіміз дайын. Топ мүшелері жүргізілген тәрбие жұмыстарынынң нәтижелі болуына жағдай жасаудамыз.
«Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» деп қаһаран Бауыржан Момышұлы айтқандай, жаңылыс басудан сақтанып, тәртіпті сақтап, қылмыстан бойды аулақ ұстауға шақырады. Осы орайда мектептер мен қоғамдық ұйымдардың, ата-аналардың, біздің пробацияның ювенальды тобымен бірлесе жұмыс жүргізуін, «қиын» балаларға ақыл-кеңес айтып, ықпал жасауын өтінеміз. Сонда ұрпағымыз тағылымды, болашағымыз нұрлы болуына қол жеткізер едік.
Н.ДҮЙСЕНБАЕВ,
Сырдария аудандық ПҚ-нің инспекторы,
әділет майоры