Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Полицияға INFOGOV қосымшасымен видео жолдауға болады

Полицияға INFOGOV қосымшасымен видео жолдауға болады

Жуырда Алматы полициясы мен жергілікті тұрғындардың жедел хабар алмасуына мүмкіндік беретін жаңа мобайл қосымша іске қосылады.
Алматы полициясы INFOGOV мобайл қосымшасын іске қосқалы отыр. Енді азаматтар түрлі төтенше оқиғаны фотоға, видеоға түсіріп немесе дыбысын жазып алып, сол қосымша арқылы полицияға хабар бере алады.
Полиция департаментіндегі деректер негізінде хабарламалар картасы жасалып, қылмысқа қайта жол бермеу үшін алынған ақпарат талданады. Халықпен интерактив қарым-қатынасты енгізу – азаматтарға қазіргі заманғы білікті көмек берудің тағы бір мүмкіндігі, – дейді Алматы полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Серік Күдебаев.
Полицияның мәліметінше, тәртіп сақшылары сонымен бірге бұрынғысынша бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі, жалпы интернет кеңістігіндегі ақпаратты да қадағалай бермек.
Барлық дабылға шұғыл әрекет етіп, тиісті шара қолданамыз. Қазіргі уақытта полиция департаментінің ресми сайтында “Басшы блогы” жұмыс істеп тұр, оның көмегімен өтініш білдірушілер сұрақтарына жауап пен жедел көмек ала алады. Осы жылдың басынан бері бұл ресурсқа азаматтардан 1 310 өтініш келіп түсті. Тәжірибе оның қоғаммен қарым-қатынас жасаудың анағұрлым тиімді формасы екенін көрсетіп отыр, – деді Серік Күдебаев.
Еске салайық, бұған дейін Алматы полициясы есірткі сату қылмысы туралы шағымды ұялы телефонның арнайы қосымшасы арқылы қабылдайтынын хабарлаған еді. Қосымша Stoptraffic деп аталады, ол әзірше Android базасындағы құрылғыларға ғана арналып отыр.


baribar.kz
16 шілде 2019 ж. 561 0