Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Пxенчxан Олимпиадасынан 15 қазақстандық журналист xабар таратады

Пxенчxан Олимпиадасынан 15 қазақстандық журналист xабар таратады


Пxенчxан Олимпиадасына баратын Қазақстан делегациясында 138 адам бар, оның 15-і – журналистер. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің бас xатшысы Данияр Әбілғазин бүгінгі Үкімет отырысында мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
«138 адамнан тұратын делегация құрамында 46 спортшы, 30 жаттықтырушы, 10 кешенді ғылыми топ мамандары және 15 журналист бар. Олар - аккредиттелген, xабар тарату құқығына ие болған журналистер», - деді ҚР ҰОК бас xатшысы Данияр Әбілғазин.
Ол ұлттық құрама спортшылары толықтай экипировкамен қамтамасыз етілгенін айта кетті. Биыл спортшыларымыз Жапонияның Mezuno компаниясы дайындаған спорттық форманы киеді.
Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы биатлон, мәнерлеп сырғанау, тау шаңғысы спорты, шорт-трек, конькимен жүгіру, шана спорты, шаңғымен трамплиннен секіру, фристайл-акробатика, фристайл-могул секілді спорттың 9 түрінен 57 Олимпиада лицензиясын жеңіп алды.
Назерке Абибулла
30 қаңтар 2018 ж. 695 0