Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

54 газет

16 шілде 2019 ж.

53 газет

13 шілде 2019 ж.

№52 газет

10 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Елорда күнінде мерекелік отшашу болмайды

Елорда күнінде мерекелік отшашу болмайды

Биыл елорда күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында шамамен 108 іс-шара өтеді, оның 80-нен астамы тегін, - деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Атап өтер жайт, биылғы бағдарлама әлеуметтік бағытқа арналған және көрермен кɵп қатысады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, астана күнін мерекелеу аясында өтетін ақылы концерттер мен театрландырылған қойылымдардың билеттерін сатудан түскен қаржы қайырымдылық мақсаттарға жұмсалады. Концерт ұйымдастырушылары билет сатудан түскен қаржы Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына арналған көмек қорының шотына аударылатын болады.
Бұл бағытта 29 маусым күні болған"Астана Арена" стадионында өткен Димаш Құдайбергеннiң "Арнау" атты жеке концерті, аты аңызға айналған мәскеулік "Современник" театрының гастролі, Тұрсынбек Қабатовтың "КТА" жобасы, және тағы басқаларын атап өтуге болады. Сонымен қатар, қала күні аясында Есіл өзенінің жағалауында, Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысындағы саябақта, "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығының аумағында жоспарланған мерекелік отшашу ɵтпейтiн болды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасын мерекелік салюттардың демеушілері қолдап, арнайы қарастырылған қаржыны Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсету қорына аудармақ.


01 шілде 2019 ж. 45 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам