Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аграрлық саланың жаңа мүмкіндіктері

Аграрлық саланың жаңа мүмкіндіктері


Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Жолдауында он міндет қойылған. Соның үшіншісі «Ақылды технологиялар» агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі туралы.
Біздің аудан – аграрлы аудан. Күріш егудің ең көп көлемі Сырдариялық диқандарға тиесілі. Жыл сайын ауданның ауылшаруашылық саласы дамып, ауыл еңбеккерлері ел қамбасына алтын астық кұюда. Жер ана да мәпелеп салған дәннен мол өнім беруде жомарттық танытуда. Ерте көктемнен басталатын тірлік күзге дейін жалғасады. Уақытпен санаспай еңбек еткен диқандар өз ырыс несібесін жинап, молшылыққа кенелуде. Бұл ретте, Елба- сы «Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажет. Бұл мәселені шешуге барлық аграрлық кешеннің түбегейлі бет бұруы маңызды. Аграрлық ғылымды дамыту мәселесі басты назарда болуы тиіс», – деді. Иә, шын мәнінде Сыр саласы өзімізде өңделіп, шетелге экспортталуда. Тұқым сапасын қадағалап, тыңайтқыштарды пайда- лануда мамандар кеңесіне жүгіну өнімділікті арттыра түседі.
Ауыл еңбеккерлеріне сенім ұялататын тапсырманы бұлжытпай орындаудың нәтижесі ұлттық брендті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Отандық өнімді тұтыну, азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешуге жасалған бұл қадамды толықтай қуаттаймыз.
Құрман ЫСҚАҚОВ,
Ақжарма ауылдық
қоғамдық кеңес төрағасы
29 қаңтар 2018 ж. 951 0