Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиа форум бастау алды

Медиа форум бастау алды

Бүгін Алматы қаласында XVI Еуразиялық медиа форум бастау алды. Форум жұмысы алдағы үш күнді қамтиды. Ауқымды шара аясында әлемдік медиа эксперттерінің қатысуымен шеберік сыныбын өткізу жоспарланған. Аталған шеберлік сыныптары «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік даму жобасы негізінде қолдау тапқан.
Форумға «Сыр медиа» ЖШС-і бір топ журналистері қатысуда. Дәл осы сағатта Ұлыбританиялық байырғы журналист, Нелсон Грейвс «Экологиялық журналистика» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Экологиялық журналистикада жаһандық мәселені шешу мәселесі талқыланды. Онда адамның климатқа әсері, оны шешу жолдары айтылды. Бұл тұста Қазақстандағы экологиялық мәселелерге қатысты сұрақтар қойылды. Бұдан кейін  АҚШ-тан келген Захра Расул «Вертуальды болмыстардың қалыптасуы», Ресей кино режисері Сергей Бодров «Кино продюсерінің өнері» тақырыбында шеберлік сыныбын жүргізеді деп күтілуде.


Б.ОРДАБЕКОВ
22 мамыр 2019 ж. 642 0