Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қазақстандағы Президент сайлауын ТМД-дан 300 байқаушы бақылайтын болады

Қазақстандағы Президент сайлауын ТМД-дан 300 байқаушы бақылайтын болады

Орталық сайлау комиссиясында Қазақстанда 9 маусымда өтетін Президент сайлауын ТМД-дан қанша байқаушы қадағалайтыны жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясында ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев пен ТМД Атқару комитеті - атқарушы хатшысы төрағасының бірінші орынбасары Виктор Гуминский кездесті. Бұдан соң Виктор Гуминский тілшілермен баспасөз мәслихатын өткізді. "ТМД мемлекеттері тарапынан Қазақстандағы кезектен тыс Президент сайлауын байқау миссиясы бүгіннен басталғанын мәлімдеймін.

Бізде миссия штабы құрылып, бүгіннен бастап миссиямызды даярлау, қызметтік міндеттемелерін орындау жұмыстарына кірістік. Миссия Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен шақырту алды. Осыған байланысы ТМД Атқару комитеті Украинадан басқа достастыққа мүше елдердің бәріне, Парламентаралық Ассамблеяға тиісті ұсыныс жолдады. ТМД-дан миссия құрамында 300-ге тарта байқаушы болады деп күтіліп отыр", - дейді Виктор Гуминский.

20 мамыр 2019 ж. 857 0