Құрметті жерлестер!
Ауданның 90 жылдығы қарсаңында жер-жерден аудан халқын мерейтоймен құттықтаған жедел хаттар ағылып келуде. Төменде бірқатар қоғам қайраткерлерінің, саясаткерлердің құттықтау лебіздері ұсынылады.
Бұл өлке – жері киелі, тарихы – шежіреге, құнды мұраларға бай өлке. Ал, сол тарихты жасаушы, ұйымдастырушылар есімдері ел жадында мәңгі жатталып қалған қайталанбас тұлғалар.
Бұл жерде сонымен бірге Сыр бойының ағартушылары – Асанас, Қожа Жахан, Сайыпназар ахун, Тапал ахун, Құлболды ишан, Оразай ишан, Ахмет ишан, Қалжан ахун, Садық ахун, Мақсұм-Сейіт т.б. әулиелер мәңгілік тыныстаған өңір.
Міне, осы жерде Сералы Лапин, Мұстафа Шоқай, Әли Көтібаров сынды атақты кісілердің кіндігі кесілген. Олар 20 ғасырдың басында Санкт-Петербург қаласында жоғары білім алып, елдің әлеуметтік жағдайына белсене араласып, Қазақстанның тәуелсіздігі мен халқының денсаулығы үшін күрескен жандар.
Осы жерден Қожықовтар әулеті өз бастауын алды. Талантты тұлғалар суретшілер, кинорежиссерлар, мүсіншілер, қолөнер шеберлері өмір сүрген өлке.
Таспа, Күдері қожа, Ұлбике, Рахмет жырау, Қуаныш Баймағанбетов, Сәбира Майқанова, Асқар Тоқмағанбетов, Әбілда Тәжібаев, Қалтай Мұхамеджанов, Әбіраш Жәмішов, Әскербек Еңкебаев, Алма Қыраубаева және т.б. тарихы тереңге жайылған ақындар, өнер мен әдебиет майталмандары Сырдарияның ауасын жұтып, топырағынан түлеп ұшқан.
Бұл жерден қуат алған академиктер қатарында Шахмардан Есенов пен Мұхамеджан Қаратаев, Мүсілім Базарбаев және Мұхтар Алшынбаев сынды ғылыми тұлғалар да бар.
Біз, өз жерлестеріміз аудан тұрғындары алдында Кеңес Одағының Батырлары – Нағи Ілиясов, Жақыпбек Махамбетов, Жаппасбай Нұрсейітов, «Даңқ» орденінің иегері Кәкім Әбдіқадіров және басқа да елі үшін қолына қару алып, жерін қорғаған соғыс ардагерлеріне басымызды иеміз.
Сыр елі көптеген салада өзінің Еңбек Ерлерімен мақтана алады. Соның ішінде күрішші, ауыл шаруашылығы, бақташылық, егіншілік, механизаторлар мен құрылысшылар елдің экономикалық ахуалын көтеріп қана қоймай, аудан атын да шығарды. Олардың қатарында Қасым Бөдеев, Дүйсенбай Керейтбаев, Ибадулла Ақниязов, Күләнда Әбдіраманова, Цой Ги Хва, Балдырған Мұстапаева, Аманкелді Ахметов, Ахмет Халықов, Айша Меңлібаева, Бахытжан Ерімбетов, Қуаныш Сарбөпеев, Абзал Ералиев.
Төрт сырдариялық азамат КСРО Жоғарғы Кеңесі (Халық депутаттығына), жиырмадан астамы Қазақстан Жоғарғы Кеңесі (Парламент депутаттығына) сайланып, төрт сырдариялық СОКП съезіне делегат болған.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін түрлі салаларды басқарып елдің мақтанышына айналған азаматтар қатарында – Н.Бердіқұлов Қ.Қазантаев, Е.Көшербаев, Н.Ердешбаев, Ж.Азаматов, А.Бисенов, О.Бәйімбетов, Ким Дон Чер, Ш.Құндызбаев, Қ.Әбуов, А.Атақаев, Н.Нақыпов, Е.Қосжанов, У.Досмағанбетов, И.Арыстанов, Ж.Әнуаров, Ж.Үндірбаев, А.Қадырқұлов, К.Бошайбеков, А.Оразалиев, Н.Жүндабеков, С.Асқаров, Б.Мыханов, М.Дәдікбаев тағы басқалар бар.
Қазіргі уақытта Сырдария ауданы басшылығы ауданды басқаруда жаңашыл әрекет пен әлеуетті ахуалының артуының жолын іздеуде. Елді-мекендерде инновациялық технология мен ауыл шаруашылығы, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, көлік жолдарын жөндеу, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары назардан тыс қалмаған. Ауданның күріші мен «Торпедо» сортты қауыны еліміздің барлық өңірлеріне ғана емес, алыс-жақын шет елдерге шығарылады.
Біз туған жерімізде болып жатқан жағымды өзгерістермен қуанамыз, себебі бұл өлке бізді өсіріп қана қоймай жарқын болашаққа жол көрсетті.
Барша сырдариялық ағайынға мықты денсаулық, алдағы күндерге деген зор сенім, қайта жаңғыру, жаңару жолында шығармашылық табыс тілейміз.
Сырдария ауданы өркендей берсін, ауданның және халықтың рухани байлығы еселей түссін. Той құтты болсын, Құрметті жерлестер!
Ізгі тілекпен:
Әбдіжәлел Бәкір
Тұрсынбай Ахметов
Оңалбек Сәпиев
Айтбай Әлібаев
Болат Оразов
Кеңес Махамбетов
Жолтай Әлмашев
Ерғали Алдоңғаров
Әбдіжәлел Бәкір
Тұрсынбай Ахметов
Оңалбек Сәпиев
Айтбай Әлібаев
Болат Оразов
Кеңес Махамбетов
Жолтай Әлмашев
Ерғали Алдоңғаров
Пікір 1