Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы

25 сәуірге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, әлі күнге дейін еліміздің басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр, оңтүстік және оңтүстік-шығысында катты жаңбыр жауады.

Батыста жауын-шашын болмайды. Кей жерде тұман түсіп, желдің күшеюі сақталады, найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, күндіз кей жерінде екпіні 25 м/с күшеюі мүмкін, бұршақ жаууы мүмкін, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында – тұман түседі.

Павлодар облысының түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. 

Шығыс Қазақстан, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшеюі ықтимал.
Маңғыстау облысында түнде және таңертен кей жерінде тұман түсуі мүмкін.

baq.kz
25 сәуір 2019 ж. 690 0