Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 28 сәуірге арналған жұлдыз-жорамалы. 
Тоқты
Денсаулығыңызға абай болыңыз. Сонымен қатар тәуекелшіл болмаңыз. Барлық кездесулерді кейінге қалдырып, тек үйде демалыңыз. Жағымды хабар күтіп тұр. Ішімдікке көп әуестенбеңіз.

Торпақ
Бүгін көп кикілжіңдер орын алады. Бірақ уайымға салынудың қажеті жоқ. Осы уақытқа дейін қарым-қатынастарыңыз дұрыс болмаған жандармен қайта татуласасыз. Қаржы жағынан аздаған қиындықтар туындауы мүмкін. Бірақ көмектесетін жандар бар.

Егіздер
Өзіңізге қатысты шиеленіскен істі тасада отырып-ақ шеше аласыз. Сіз өз ісіңізге риза боласыз. Бірақ жүйкені жұқыртқан мәселе ең алдымен сіздің денсаулығыңызға зиян келтіріп, көңіл-күйіңізді түсірері анық.

Шаян
Бүгін жақсы көңіл-күйде боласыз. Қонаққа барудан бас тартып, үйде болғаныңыз жөн. Отбасыңызға көңіл бөліңіз. Түстен кейін отбасылық мереке ұйымдастырып, балаларыңызға қуаныш сыйлаңыз.

Арыстан
Күтпеген жаңалық орын алады. Біраз мәселелер туындауы мүмкін. Жаныңыздағыларды өз дегеніңізге көндіру үшін біраз шешендік өнер қажет. Отбасыңызға сіздің қолдауыңыз жетіспейді. Барынша оларды қолдап, қорғап жүріңіз.

Бикеш
Эмоцияңызды сыртқа шығармауға тырысыңыз. Демалысты жақсы көңіл-күйде өткізіңіз. Үй тіршілігін кейінге қалдырғаныңыз жөн. Достарыңыз немесе туыстарыңыз көмек сұраса, қол ұшын беруден қашпаңыз.

Таразы
Жұмыста түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. Мұқият болыңыз. Бұрыс шешім қабылдаудан сақтаныңыз. Әйтпесе, ашуыңызды пайдаланып, аяқтан шалушылар өз ойын іске асыратын болады. Жаныңызға жақын адамдармен бас қосыңыз.

Сарышаян
Бұл күнді үйде, жақындарыңыздың арасында өткізіңіз. Отбасыңызға көңіл бөліңіз. Отбасылық мереке ұйымдастырып, үй ішіндегілерді қуантыңыз. Бүгін жөндеу жұмыстарын бастаудың қажеті жоқ.

Мерген
Жеке өміріңізге қатысты шешілмеген мәселелер көп. Сіз біреуді құлай сүйесіз немесе махаббатыңызбен айырылысасыз. Қайсысы болса да, барлығы жақсы аяқталады.

Тауешкі
Бүгін маңызды жобаларды қолға алмаңыз. Бұл күн сіз үшін жобамен айналысатын күн емес. Бұл орайда сізге өзіңіздің мұқияттылығыңыз өте қажет. Сондықтан әр істе өте абай болыңыз.

Суқұйғыш
Түске дейін ақша жұмсамаңыз. Әйтпесе, көп шығынға ұшырауыңыз мүмкін. Түстен кейін барлық ісіңіз алға басады. Демалыс болса да жұмысқа бір мезгіл көңіл бөліңіз. Достарыңызбен қарым-қатынасыңызды үзіп алмаңыз

Балықтар
Бүгінгі күн құбылмалы болмақ. Ұжымдастармен сөзге келіп қалудан сақтаныңыз. Қаражатыңызға да мығым болғаныңыз жөн. Сыртыңыздан әңгіме тасушылар көп. Тек жақын адамдарыңызға ғана сенім артыңыз.

28 сәуір 2019 ж. 806 0