Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Startap Bolashak: Менің арманым» жобасына қатысушы жас кәсіпкерлерді бизнестерін адал жүргізуге шақырды

«Startap Bolashak: Менің арманым» жобасына қатысушы жас кәсіпкерлерді бизнестерін адал жүргізуге шақырды

Қызылорда қаласында «StartapBolashak: Меніңарманым» жобасына қатысушы жас кәсіпкерлер мен бизнесте бағын сынағысы келетін жастарды сыбайлас жемқорлықпен бірлесіп күресуге шақырды.
«StartapBolashak: Меніңарманым» жобасы -бұлжастаркәсіпкерлігінқолдауғаарналған бизнес-жобаларбайқауы. Байқаудың мақсаты - жастарды кәсіпкерлікке баулу және өзгелермен бәсекеге түсу.
«Бизнес-Start» орталығы ұйымдастырған аймақтық байқауға жас кәсіпкерлерге бағыт-бағдар беру үшінкәсіпкерлік саласындағы құзырлы мекемелермен қатар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері де қатысты.
«Бизнесті жүргізу барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермей, өздерінің кәсіптеріне адал болып, жасалған келісім-шарттарға сәйкес сапалы қызмет көрсету бизнес субъектілерін де байланысты. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін кез-келген жеке немесе заңды тұлға еліміздегі заңдылықтарды қатаң ұстануы тиіс. Байқауға қатысушы жас кәсіпкерлерден сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем жол бермеуді сұраймын. Жас кәсіп иелеріне айтарым, өткен жылдан бастап Агенттіктің бастамасымен «Рrotecting business and investments» жобасы жүзеге асырылуда.Жоба аясында құны 595 млрд. теңгені құрайтын 15 инвестициялық жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алынды. Инвесторлар мен кәсіпкерлерден 36 өтініш түсті. Өтініштерді қарау нәтижесімен кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіріп, кедергі жасағаны үшін 5 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылса, мемлекеттік кірістер органының 1 қызметкері кәсіпкерге қамқоршылық жасау мақсатында пара алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Кез-келген бизнес субъектісі түрлі әкімшілік кедергілер мен бюрократтық іс-әрекеттер туралы біздің департаментке хабарласуына болады. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғап, жобаларын антикоррупциялық сүйемелдеуге аламыз», - деді Департамент басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев.
«StartapBolashak: Менің арманым» байқауының аймақтық кезеңінде сәттіқорғалғанжобаларширекфиналда Шымкентқаласында, жартылай финал мен ақтық финал «Нұр-Сұлтан» қаласындателевизиялықформаттареалити шоу күйіндетүсірілетінболады. Байқау финалистері өз жобаларына инвестиция бөлдіртуге үлкен мүмкіндік алатын болады.
26 сәуір 2019 ж. 688 0