Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ арасында теміржол жолаушылар көлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы қол қойылған келісімге сәйкес «Адал жол» жобалық кеңсесі құрылды.
Жобаны Қызылорда облысында іске асыру үшін көліктік бақылау инспекциясының, желілік ішкі істер бөлімінің, темір жол саласындағы кәсіподақ өкілдері мен облыстық арнайы мониторингтік топ мүшелерінен құралған жобалық топ құрылып, өз жұмысын бастап кеткен болатын.
Осыған орай, жобалық топтың отырысында темір жолмен жолаушылар тасымалдауда болуы мүмкін жемқорлық тәуекелдерін анықтау мен жою, халыққа сапалы қызмет көрсету бағытындағы проблемалық мәселелер талқыланды.
Отырыс барысында Агенттіктің облыстық департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Бағдат Ізкенов құзырлы мемлекеттік органдардың қатысуымен өткізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесін баяндады.
- Агенттік департаменті, арнайы мониторингтік топ өкілдері, құзырлы мемлекеттік органдардың қатысуымен өткізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде Қызылорда қаласының теміржол вокзалында қала тұрғыны жолаушыларға Шымкент қаласына пойызбен кедергісіз жетуіне көмек ұсынатындығы анықталды. Осыған сәйкес бұл азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен 22550 теңге айыппұл салынды. Біз осындай жасырын заңсыз қызмет ұсынатын қосалқы көмекшілерді бірлесіп анықтау жұмыстарын «Адал жол» жобасы аясында жалғастыруымыз қажет - деді Бағдат Ізкенов.

24 қазан 2018 ж. 1 255 0