Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дабыл қағылды: Қазақстанның сегіз мың әскері көтерілді

Дабыл қағылды: Қазақстанның сегіз мың әскері көтерілді

Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметкерлері дабыл бойынша көтерілді. Әскери бөлімдер мен құрамаларды оқу дабылы бойынша көтеру Қорғаныс министрілігінің басшысы Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен іске асқан. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда аса ірі ауқымды "Айбалта – 2019" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.

Бұл шараға сегіз мың әскери қызметкер мен екі мыңнан астам әскери техника бірлігі жұмылдырылған. "Айбалта-2019" оқу-жаттығуына құрлық әскрелері, әуе қорғанысы күштері, арнайы әскерлер мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдері қатысты. Оқу-жаттығу Алматы облысындағы "Көктал" полигонында өтіп жатыр. Ол үшінші мамырда аяқталуы тиіс.

Анықталғандай, әскерилер дайындығының деңгейін көтеру мақсатында полигон аумағында шынайы қарулы қақтығысқа ұқсас жағдайды жасап шыққан.

Министрлік заманауи әскери қақтығыстардың тәжірибесі ескерілгенін жеткізді.
17 сәуір 2019 ж. 1 227 0