Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 26 наурыз еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады

26 наурыз еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады

Тұман, көктайғақ пен желге байланысты Ақмола облысында, тұманға байланысты Нұр-Сұлтанда ескерту жарияланды. Қызылорда облысында бұршақ жауады.

26 наурыз күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашын жауады, оңтүстіктің жауын-шашын мол түседі, тек республиканың батысы мен оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады. “Қазгидромет” синоптиктерінің мәліметінше, өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, найзағай ойнайды, жел күшейеді, оңтүстікте күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай облысында тұман түседі, көктайғақ болады, облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 23 м/с-ке дейін күшейеді. Қызылорда облысында найзағай болып, дауыл тұрады, жел екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді, тұман түседі, бұршақ жауады.

Солтустік Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді. Түркістан облысында күндіз найзағай ойнайды, жел жылдамдығы 23 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақмола облысында тұман түседі, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады. Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында да тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел соғады, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Батыс Қазақстан, Манғыстау, Атырау облыстарында тұман түседі.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында және тұманға байланысты Нұр-Сұлтанда ескерту жарияланды. Алматының биігіндегі Үлкен Алматы және Кіші Алматы су алабында қар көшкіні қаупі бар.
Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.

baribar.kz

26 наурыз 2019 ж. 585 0