Көктемгі найзағай: 19 наурыздағы құбылмалы ауа райы

“Қазгидромет” кәсіпорны синоптиктерінің мәліметінше, Түркістан, Қызылорда облыстарында екпіні 25 м/с-ке жететін жел соғады, Түркістан облысында найзағай ойнайды, Қызылорда облысында күн тұманды болады.
Ақтөбе облысында тұман түседі, көктайғақ болады, 15 м/с жел соғады. Маңғыстау, Алматы облыстарында 15-22 м/с жел соғады. Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады, Жамбыл, Қарағанды облыстарында 15-20 м/с жел соғады.
Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.
baribar.kz