Ыстық шайдың зияны өлімге әкелетіні анықталды
Тым ыстық шай немесе кофе ішу өңеш обырының қаупін екі есе арттыруы мүмкін деп топшалайды американдық ғалымдар. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Американдық зерттеушілер 50 мыңнан астам адамды іріктеп алып, олардың денсаулығын 2004 жылдан 2017 жылға дейін байқалаған. Зерттеу нәтижесінде ас қорыту жолдарының жоғарғы бөлімдерінде қатерлі ісіктің 317 жағдайы анықталған. Бір қызығы ауруға көбінесе 60-тан 70 жас аралығындағы ер адамдар шалдыққан. Аурудың белгілері:
-жұтыну кезіндегі қиындықтар;
-асқазанның тұрақты бұзылуы немесе күйік;
-тамақтан кейінгі жүрек айнуы;
-тәбеттің және салмақтың жоғалуы;
-іштің, кеуденің немесе арқаның жоғарғы бөлігіндегі ауырсыну.
Белгілі болғандай 60 градусқа дейін қыздырылған шай ішуді қалайтын адамдар обырмен 90 пайызға жиі ауырған. Бұл көрсеткіш 75 градусқа дейін салқындатылған сусын қолданатындарға қарағанда 2,4 есе жоғары болды. Бұл нәтижелер кофе мен ыстық шоколадты жақсы көретіндер үшін де қатысты. Ғалымдардың айтуынша, аурудың ықтималдығын төмендету үшін сусындарды ішуден бұрын суыту қажет.