Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 12 наурыз: Оқиғалар мен атаулы күндер

12 наурыз: Оқиғалар мен атаулы күндер


1993 жылы
 тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет Алматы-Шарджа (БАӘ) бағытына авиарейс ұшырылды.
1999 жылы Каирде (Египет) Қазақстан елшілігі орналасқан көшеге Абай есімі берілді.
2002 жылы Қазақстан журналистерінің І конгресі өтті. Ұйымдастырушылар - Қазақстан Журналистер одағы мен Телерадиотарату қауымдастығы.
2008 жылы Алматыда «Bolashak.org» және «Алаш - ұлт патриоттарының жалғасы» басылымдарының тұсаукесері өтті. «Болашақ» республикалық қозғалысының қолдауымен шығарылған басылымдардың мақсаты - жастардың рухани-этикалық мәселелерге назарын аудару, оларды еркін ойлау мен отансүйгіштікке тәрбиелеу. Бұлар - студенттер мен жастардың оқуын, өзекті мәселелерін, бос уақыттарын қалай өткізетіндіктерін зерттеуге арналған басылымдар. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылып, республика аумағына таралады.
2010 жылы Дрезден қаласында Қазақстан Республикасының құрметті консулдығының ашылу рәсімі өтті. Консулдықтың қызметі Германияның Саксония және Саксония-Анхальт федеральдық жерлеріне таралатын болады.
2010 жылы Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің алғашқы CD нұсқадағы күйтабағының тұсаукесер рәсімі өтті.
Альбомға ансамбльдің орындауындағы барлық музыкалар енген. «Бүгінде «Тұран» ансамблі тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де өнерімен мойындалып, танылды. Қазақ әуенін көне аспаптармен асқан шеберлікпен орындай білетін жас ұжым дәстүрлі мәдениетке жаңаша көзбен қарап, өздерін көрсетіп келеді.
2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлыққа қол қойды.
2013 жылы атақты әнші, Қызылорда облысының тумасы Мәдина Ералиева жайлы «Қазақстың Мәдинасы» атты жаңа кітап шықты.
Кітап авторы - журналист Рауан Тұрғантай. Кітапта «Ақбаян» лақап атын алған М.Ералиеваның шығармашылығы, отбасы туралы естеліктер топтастырылған.
12 наурыз 2019 ж. 675 0