Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 12 қаңтар: оқиғалар мен атаулы күндер

12 қаңтар: оқиғалар мен атаулы күндер


1912 жылы
 Қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаев дүниеге келді

1922 жылы Жетісуда алғашқы Қазақ педагогикалық училищесі ашылды. 

1990 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылды. 

1993 жылы Түркия үкіметі ресми түрде 1993 жылды Қожа Ахмет Ясауи жылы деп жариялады. 

1995 жылы Президент Жарлығымен қазақ ғарышкерлері Т.Әубәкіровке, Т.Мұсабаевқа «Халық Қаһарманы» атағы беріліп, жоғары ерекшелік белгісі - «Алтын Жұлдыз» тапсырылды. 

2001 жылы «Аманат» журналының алғашқы саны жарық көрді. 

2002 жылы Алматыда қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың мұражай үйі ашылды. 

2009 жылы Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Бiрiншi Президентiнiң алғашқы Интеллектуалдық мектебі ашылды. Зияткерлiк мектеп балалардың қабiлеттiлiктерiн және жеке бас мүддесiн есепке алып кең ауқымда бiлiм бағдарламаларын береді. 

2011 жылы Азия Олимпиадалық кеңесінің штаб-пәтері орналасқан Әл-Кувейтте VII қысқы Азия ойындарының Алауы қазақстандық делегацияға салтанатты түрде табыс етілді. 

2013 жылы Павлодар аймақтық кардиохирургиялық орталықта алғаш рет жүрекке ашық түрде ота жасалды. 

2015 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Жамбыл обысының әкімдігі Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументтің үздік жобасы республикалық ашық конкурс жариялады. 
12 қаңтар 2019 ж. 879 0