5 наурызда ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, бұрқасын болады

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында желдің 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшеюі, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с болады. Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін, түнде Жамбыл облысында желдің екпіні 23 м /с болады. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, тұман, көктайғақ, жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады, желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.
www.inform.kz