Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » HR-менеджер: мамандық тарихы

HR-менеджер: мамандық тарихы

HR-менеджері туралы естіп пе едіңіз? Бұл сөз ағылшын тіліндегі "Human Resource" – адам ресурастары деген сөздің қысқартылған нұсқасы. Ендеше, бүгін біз бұл мамандықтың қалыптасуы мен тарихын жазатын боламыз. 
HR-менеджер саласы – бір орында тұрақтап қалмайтын әрдайым өзгеріске ұшыраумен келетін, жас мамандықтардың бірі. Бұл сала өзінің алғашқы қадамын кадр бөлімінен бастайды. 
Кадрлық өнеркәсіп саласы: 
Алғашқы жалдамалы жұмысшы туралы құжаттар XIX ғасырдың 1833-1847 жылдары пайда болды. Еуропада алғаш рет әйел мен бала еңбегіне қатысты шектеулер мен жаңа заңдар пайда болды. 1835 жылы Ресейде «Өнеркәсіп, зауыт басшылары мен жалдамалы жұмысшылар аарсындағы қарым-қатынас» жөнінде мемлекеттік қаулы шыққан болатын. Осылайша алғаш рет жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы құжат пайда болды. 
Еуропадағы XIX ғасыр — өнеркәсіп революциясының дәуірі. Қара жұмысшылардың орнын техникалар алмастыра бастады. Кәсіптердің көлемі арта бастады, жұмысшылардың жұмыс жағдайына байланысты сұрақтары туындай бастаған сәтте, басшылық арнайы мамандарды жұмысқа алуға шешім шығарады. Олардың негізгі міндеті – жұмысшы мен басшылықтың байланысын жақсарту. Англияда оларды «хатшы» деп атаса, АҚШ және Францияда бұл қызметті «қоғамдық хатшы» деп атай бастады. 
Арнайы мамандандырылған қызметкерлер еңбек шарттарын бақылауында ұстады, кәсіптік ұйымдармен қарым-қатынас орнатып немесе олардың ақылға қонғысыз ережелеріне қарсы шықты. Кәсіптік ұйымдар мен мемлекеттің жұмыс беруші мен жұмысшы қарым-қатынасына белсенді түрде араласа бастауы – ХХ ғасырда қоғамдық сақтандыру, жұмыссыздық жәрдемақысы, жұмыс күні мен шарттарына байланысты шектеудің туындауына алып келді. Осылайша, жұмысшылардың қызығушылығын қорғау және бақылау мақсатында арнайы мемлекеттік органдар құрылды. Сәйкесінше, компанияларда еңбек саласында жаңа сала қалыптасты: бұны кадр бөлімі деп атады. 
Білім: 
Кадр бөлімінің қызметі арта бастады. Оған себеп – еңбек нарығының шарттарының өзгеруі. Мысалы, Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ пен Еуропа елдерінде кадрлардың жетіспеушілігі туындады. Кадр бөлімінің қызметкерлері фабрика мен зауыттарға жаңа қызметкерлерді дайындау үшін оларды оқыта бастады. Осылайша, олар нақты сала ретінде қалыптасты. 
Коучинг: 
HR-менеджер – бұл бірнеше саланың жиынтық формасы. Мысалы, коучинг – жаттықтырушы, ұстаз да бұл саланың ішіне кіреді. Ұстаздық саласының қалыптасуы ежелден басталған. Зерттеушілер оны адамның аңшылықпен айналыса бастаған сәтімен байланыстырады. Сол уақытта ұстаздық институты өз жұмысын басталады. 
Ұйымдастыру: 
Event-менеджер заманауи атауына қарамастан, жаңа мамандық емес. Ежелгі Римде көңілді кештерді ұйымдастыратын арнайы маман болған. Олардың міндеті атауынан-ақ белгілі: сценарий жазу, өнімдерді сатып алу, үстел жазу, әртістерді шақыру, қонақтарды тағайындау. 
Рекрутинг: 
Рекрутер мамандығы алғашқы жұмысшы керек болған кезде пайда болды. Мысалы, Ежелгі Египетте фараон өз адамдарын тайпа арасынан болашақ сарбаздарды жинауға жұмсайды. Ежелгі Қытайда патша көмекшісі қызметіне қарапайым адамдар арасынан таңдалатын. Үміткерлер арнайы тест тапсырып, сынақтардан өтетін. Қорытынды сайысқа тек 10-20%-ы өтетін. Екінші Дүниежүзілік соғыстан соң рекрутинг саласының жаңа бір бағыты пайда болады: Headhunting немесе «Бас аулау». 
HR-менеджердің заманауи тарихы ХХ ғасырдың екініші жартысынан басталады. 50-60 жылдары «адами қарым-қатынас» концепциясы іске аса бастайды: еңбек өнімділігі өнеркәсіптің басқару жүйесі емес, менеджердің жұмысшыларымен қарым-қатынасына тікелей қатысты екенін аңғара бастайды. 60-70 жылдары бизнес-мектептер адами ресурсты басқару дисциплинасын оқу бағдарламасына енгізеді. Осылайша, 70-80 жылдары АҚШ пен Еуропа елдерінде кадр бөлімі адами ресурстарды басқару бөліміне ауыса бастайды. 
Араға 20-30 жыл салып, бұл тенденция бізге де келді. ХХ ғасырдың 90-жылдары HR-менеджер маманының дамуы мен қалыптасуы басталады. Бүгінде бұл сала мамандары тек сұранысқа ие болып қана қоймай, білім мен тәжірибе алмасуда жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Әр «мен» деген мекеменің HR-менеджері болуы шарт.

02 наурыз 2019 ж. 579 0