Назарбаев алдағы президент сайлауы жайлы еске салды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының мүшелеріне алдағы президент сайлауы жайлы еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз қол қусырып қарап отырмай, жұмыс істеуіміз керек. Әр облыста, әр қалада, әр ауданда филиалдар бар. Сіздер партия мүшесі екендеріңізді айтып, қол қусырып отыратын болсаңыздар, біз жақсы партия бола алмаймыз. Алда парламенттік сайлау, президент сайлауы келе жатыр.
Осыдан өту үшін біз халықтың сенімін ақтауымыз қажет", - деді Назарбаев партияластарына "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде. "Міндеттер қойылды, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға нақты қолдау көрсету сандары белгіленді. Жәрдемақы, коммуналдық-шаруашылық тұрғын үй аясында. Менің ойымша, осыдан партияның беделі артады", - дейді Президент.
Сондай-ақ, Назарбаев "Нұр Отанның" Парламентті қалыптастыратын партия екенін атап өтті. Ал Парламент үкіметті құрады. "Демек Парламентпен және Үкіметпен бірге біз қабылдайтын барлық шешім үшін жауап береміз. Халықтың арман мақсаты мен ықыласын сездім, сол себепті үкіметті ауыстыруға тура келді. Жаңа адамдар келді. Тәжірибелі адамдар келді деп ойлаймын, олар экономиканы алға жетелейді және атқарушы билік нақты әрі жауапты жұмыс істейтініне үміттенемін", - деді Президент.