Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАРҚЫН ІСТЕРДІҢ ЖЕТЕКШІ ПАРТИЯСЫ

ЖАРҚЫН ІСТЕРДІҢ ЖЕТЕКШІ ПАРТИЯСЫ


Ауданда тұңғыш коворкинг орталығы ашылды. «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясындағы бастама «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары» жобасы бойынша жүзеге асып отыр.
«Коворкинг орталығы» – жаңа термин. Ауданда ашылған орталықта онлайн-оффлайн фор­матындағы кездесулер, еркін пікір алмасу, дебат, семинар-тренингтер өткізеді. Шахмат, тоғыз­құмалақ сияқты интеллекті дамытатын ойындарын ойнайды. Бастаманың негізгі мақсаты жастарды кітап оқуға шақыру болғандықтан, мұнда электронды кітапхана жұмыс істейді. Кітапханаға келген әр оқырман өзіне қажетін тауып, бос уақытын тиімді өткізуге болады. Қарастырылған мүмкіндіктердің барлығын ақысыз қолдануға болады.
«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жас­тар қанаты «Болашақ» қауымдастығымен бір­ле­се отырып, «English for Jastar» жобасын бастаған болатын. Жоба аясында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінен еріктілер жасақталып, облысымыздың бірқатар аудандарындағы мектептерде ағылшын тілін тереңдете отырып оқып-үйрету бағытындағы жұмыстарды жүзеге асырды. Осыған орай «Жас Отан» жастар қанатының бастамашылдығымен ұйымдастырылған «English for Jastar» жобасы Сырдария ауданында өз деңгейінде өтті. Жобаның басты мақсаты ауыл жастарына ағылшын тілінің тұрмысқа қажетті деңгейде үйрету. Осы бағытта Сырдария ауданының №35, №36, №37 мектеп-лицейінде ағылшын тілінен сабақтар өткізілді. Біліктілігі жеткі­лікті жас ұстаздар өткізген ағылшын тілінің сабақтары толық түрде ұйымдастырылды. Жобаға қатысқан оқушыларға сертификаттар табысталды. №35 мектеп-лицейінің оқушыларына аудан­да ашылған «Коворкинг» орталығында, ал №36, 37 мектеп-лицейінің оқушыларына «Рухани жаңғыру» кабинеттерінде табысталды.
Партияның «Бақытты отбасы – бақытты бала­лық шақ» жобасы аясында қолайсыз отба­сы­ларына арнайы рейд жасалды. Рейд құра­мына жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының қызметкері, аудандық білім бөлімінің және аудандық партия филиалының қыз­меткерлері кірді. Аталмыш іс-шара барысында аудандағы бірнеше отбасылардың үйлерінде болып, тұрмыстық жағдайларымен,балалардың оқу үлгірімімен танысты. Рейд барысында тұрғындар тарапынан өтініш-тілектер тыңдалып, мәселелері тиісті орындарға жеткізілетіндігін айтылды.
Партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында бастау алған «Ұрпаққа тағзым» акциясы барысында нұротандықтар ҰОС ар­да­герлері Яхия Тасыров, Маханбет Бержанов, Дәуітбай Сақтағановтың үйлерінде болды. Аудан әкімдігінің қызметкерлері, білікті дәрігерлер, партия қызметкерлері мен жастардан құралған арнайы топ ардагерлердің хал-жағдайын сұрады, ал ақ халатты абзал жандар медициналық тексеруден өткізді. Шара барысында ҰОС ардагерлерінің әлеуметтік картасы жасақталды.
Партияның «Бақытты отбасы – бақытты ба­­ла­лық шақ» жобасы аясында «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігі мен аудандық пар­тия филиалының бірлесуімен «Армандар орын­далады» атты іс-шара болып өтті. Аталмыш та­қырыпқа аудан көлеміндегі төменгі сынып оқушылары шығарма жазды. Арнайы топ әр шығар­маға ерекше назар аударып, тыңғылықты тексеріп шықты. Нәтижесінде әр баланың түрлі армандары анықталып, соларды орындау мақсатында аудан кәсіпкерлері топтасты. Айтулы қорытынды шараны жүргізген Ұлмекен Шанайқызы әрбір баланың асқақ армандарына тоқталып, демеушілік жасаған азаматтарға үлкен алғысын білдірді. Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттары Расул Есенов пен Жанарбек Нұрымбетов балаларға велосипед сыйлады, ал аудан кәсіпкерлері Мадина Омарова, Манат Алмашова пен Бақытжан Ахметов балаларға ұялы телефон сыйлады, сонымен қатар кәсіпкер Несібелі Керейтбаева сүйретпелі жол сөмкесін, жеке кәсіпкер Ақтоты Абдуова домбыра сыйлады. Бірлестік төрайымы Ұлмекен Шанайқызы да балаларға кітап, доп, қол сағат және он баланың Қорқыт Ата кесенесіне саяхат жасауына мұрындық болды. Облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов өз сөзінде бала біздің болашағымыз және осындай игі шараларда балалардың бақытты болуы үшін көмегін аямайтындығын жеткізді. Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып партия жобасының ұтымды тұстарын айтып өтіп, сыйлықтарды табыстады. Шараға қатысқан балалардың түгелдей дерлік армандары орындалды. Кеш соңында естелік суретке түсті.
«Нұр Отан» партиясының Сырдария аудандық филиалының бастамасымен елді мекендерде кәсіпкерлікті дамыту, мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың шарттарын, оның тиімділігі мен мүмкіндіктерін жан-жақты түсіндіру мақсатында көшпелі қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Көшпелі қабылдауға Сырдария аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының бас маманы А.Бейімбетова, ау­дандық кірістер басқармасының бөлім басшысы А.Есмағанбетова және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып және аудандық мәслихат депутаты Б.Есназар қатысты. Көшпелі қабылдаудың басты мақсаты – кәсіпкерлік саласына қатысты мемлекет тарапынан қабылданған шаралар арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыздық деңгейін азайту, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік беру. Көшпелі қабылдау Сырдария ауданына қарасты Қалжан ахун және С.Сейфуллин ауылдық округтерінде болып өтті. Қабылдауға келушілердің басым көпшілігі мал шаруашылығымен айналысуға ниетті азаматтар болды. Қабылдауға келуші азаматтарға кәсіп ашудың жолдары мен несиелендірудің шарттары түсіндірілді. Сонымен қатар, қабылдауға бұрын несие алып, өз кәсібін ашқан азаматтар да келіп, өз ризашылықтарын білдірді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

«ТТ» ақпарат

26 ақпан 2019 ж. 598 0