Астанада кәсіпкер көпбалалы отбасыға 24 миллион теңгенің пәтерін сыйға тартты
Кәсіпкер пәтерді сатып алуға 17 миллион теңгесін жұмсаған, қалған шығынды құрылыс компаниясы мойнына алыптыАстанада алты баласымен жалдамалы пәтерде тұрып жатқан ана бизнесменнен үш бөлмелі пәтерді сыйға алды.
Құрылыс компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, аты-жөнін айтуды жөн көрмеген кәсіпкер қымбат көліктен бас тартып, оған жинаған 17 миллион теңгесін көпбалалы отбасыға пәтер сатып алуға жұмсаған.
"Маған бұл жаңалықты хабарлағанда, бірден сене қоймадым. Түсім екен деп ойладым. Ал компанияның сату бөліміне ертіп барғанда, қуанышымда шек болмады. Бәрінен де қыздарым қатты қуанды. Енді олардың армандаған өз бөлмесі болады", - деді Жанар Үзденбаева көзіне жас алып.
Жаңа тұрғын үй кешенінен үш бөлмелі пәтер сатып алуға кәсіпкерге кем дегенде жеті миллион теңге жетпегенін ескеріп, құрылыс компаниясы қалған шығындарды, сондай-ақ тұрғын үйді таза әрлеуден өткізуді өз мойнына алыпты.Баспасөз қызметінің мәліметінше, көпбалалы отбасы келесі айда, яғни наурызда жаңа пәтерге көше алады.
Жанар Үзденбаева үшін мұндай сыйлық күтпеген оқиға болып қана қоймай, болашақта балаларын лайықт азаматы етіп тәрбиелеуіне үлкен сенім берді. Енді жесір ана жалдамалы үйге кететін қаражатты өз балаларын емдеуге жұмсамақ. Бірінің көру қабілетін қалпына келтіру қажет болса, енді бірімен психолог жұмыс істеуі керек – әкесінің қазасынан кейін бала сөйлемейтін болып қалған.