Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады


Қазақстан теңгесі банкноттары енді тек қазақ тілінде жазылады. Бұл туралы «Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы» ҚР Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 804 Жарлығында атап көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Банкноттар мен монеталар дизайнында пайдаланылатын жазбалар мәтіні мемлекеттік тілде ресімделеді. Инвестициялық және коллекциялық монеталар дизайнында шет тілдерде жазбалар пайдалануға жол беріледі», - делінген Қазақстан теңгесi банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасының 2-тарауында.

Сонымен қатар онда инвестициялық және коллекциялық монеталар дизайнында монеталар дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазбаларды пайдалануға жол берілетіні атап өтілген.

Айта кетейік, бұған дейін банкноттар мен монеталарда мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жазулар пайдаланылатыны заңды күшінде болған еді.

«Шет тілінде ресімделетін басқа елдердің тапсырыстары бойынша дайындалатын коллекциялық монеталарды қоспағанда, коллекциялық және инвестициялық монеталарда жазулардың мәтіні мемлекеттік, сондай-ақ орыс немесе шет тілдерінде ресімделеді», -деп жазылған еді құжатта.
23 ақпан 2019 ж. 745 0