Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » КЕУДЕДЕ ТҰР ЖАРҚЫРАП...

КЕУДЕДЕ ТҰР ЖАРҚЫРАП...


Ауған жеріндегі зұлматты күндердің тарихта өшпес ізі қалды. Оқ пен оттың арасында талай тауқыметті бастан өткерген қазақ ұландарының көбісі жат жерде ерлікпен қаза тапты. Оның ішінде, ауданнан әскерге аттанған сол кездегі жастардың елге оралмауы отбасына аяқпен кетіп, табытпен оралуы қандай қасірет екені айтпаса да түсінікті.
Осы ретте, жыл бойына Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай шаралар легі жалғасатын болады. Өткен аптаның сенбісінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында Ауған соғысы ардагерлеріне «Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл» мерекелік төсбелгісі табыс етілді.
Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып, қорғаныс істері бөлімі басшысының орынбасары Г.Тайшаев жылдар бойына жанкешті ерлік көрсеткен азаматтарға құрмет көрсетті. Жалпы ауданда 1990 жылдары 32 ардагер бар болатын болса, бүгінде 18 азамат қатарда жүр. Өз кезегінде Ауған соғысы ардагерлері мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықты атап өтіп, атқарушы билік өкілдеріне ризашылық білдірді.
Дәл осындай шара ауданға қарасты барлық елді мекенде жалғасын тапты. Мұнда да Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, мерекелік медаль табысталды.

Б.ОРДАБЕКОВ

19 ақпан 2019 ж. 887 0