Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНДАРЫНЫҢ 86% ЖАҢАРТЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНДАРЫНЫҢ 86% ЖАҢАРТЫЛДЫ


6 жыл ішінде апатты жағдайдағы ғимараттардың орнына 49 денсаулық сақтау нысаны салынды, қалған 8 нысанның құрылысын таяу екі жылдың ішінде аяқтау жоспарланып отыр.
Соңғы 5 жылда облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының 63% жаңғыртылды. 
2018 жылы Арал ауданының Бекбауыл ауылында, Қазалы ауданының Өркендеу ауылында және Сырдария ауданындағы Ақжарма ауылында 3 жаңа ауылдық амбулатория, сондай-ақ Арал және Қазалы аудандық орталық ауруханалары пайдалануға берілді. 
Шиелі аудандық орталық ауруханасының құрылысы жақын арада аяқталады, сондай-ақ, Жалағаш аудандық ауруханасының құрылысы басталады.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпсалалы аурухана құрылысының жобасы әзірленуде. Жобаны облыс орталығының сол жақ жағалауында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асыру жоспарлануда.
13 ақпан 2019 ж. 729 0