Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның әрбір өңірінде 10 үздік колледж болады - Президент

Қазақстанның әрбір өңірінде 10 үздік колледж болады - Президент

- ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан өңірлерінде үздік 10 колледжді құруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы әр облыста бір университетті білім беру сапасы жағынан үздік дәрежеге жеткізуді тапсырды.

Сонымен қатар, өңірлерде үздік заманауи технологиялармен қамтамасыз етілген 10 колледж құру қажеттігі айтылды. Яғни, бұл шаралар 100/200 қағидасы арқылы іске асырылады.

Жаңартылған оқу бағдарламасына, білікті оқытушылық құрамына назар аударылады. Осы жұмыстарға қажетті қаржы бөлініп, мамандарды оқыту бойынша қазіргі заманғы жабдықтар сатып алынады.

Президенттің сөзіне қарағанда, аталған білім беру орталықтарында жастардың инновациялық жобаларын қолдау үшін стартап-орталықтар іске қосылады. «Нәтижесінде, 3 жылда 200 мыңнан астам маманды жаңа стандарттармен даярлай аламыз, сондай-ақ 15 мыңнан оқытушының біліктілігін арттырамыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жастар жылының ашылуына арналған салтанатты жиында Елбасы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастар үшін жылына 1 мың пәтер салынатынын айтты.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын.  Осы орайда Қазақстанда Жастар жылының логотипі бекітілді.

23 қаңтар 2019 ж. 913 1

Гость JeaOrer от 8 наурыз 2019 08:13
Msc Propecia Famvir Cialis E Gastrite cialis tablets for sale Cialis Brand Name Usa Price Effets Indesirables Levitra Buy Propecia New Zealand