Еліміздің төрт облысында дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның 4 облысында дауылды ескерту жарияланды. Республикада жел соғып, көктайғақ болады деп күтілуде, деп хабарлайды Stan.kz.
«Қазгидромет» РМҚ мәліметінше, Ақмола, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында дауылды ескерту жарияланды.
Синоптиктер 30 желтоқсанның түнінде Түркістан облысында қатты жауын-шашын болады деп болжап отыр. Сонымен қатар алдағы тәулікте облыста тұман, жел күтілуде. Солтүстік-батыстан соққан желдің кші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады. Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.
Шымкент пен Түркістанда да ауа райы осы тәрізді болады деп күтіледі.
Ақмола облысы мен Астанада 30-31 желтоқсанда жел, тұман және көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Сонымен қатар Таразда және Жамбыл облысында жел күшейеді деп болжануда. Желдің екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. Облыста тұман тұтып, жолдарда мұз қатады.
Қызылорда облысында 30 желтоқсан-1 қаңтар аралығында тұман тұтады деп болжанып отыр.