Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ ТЫҢ СЕРПІНДІ КӨЗҚАРАС

ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ ТЫҢ СЕРПІНДІ КӨЗҚАРАС


Қаумалаған жастар мен орта буын өкілі жиналған аудиторияда біздер мағыналы басқосудың куәгері атандық. Дәріс тыңдаушылардың басым бөлігі маңызды ақпаратты түсіндіріп жатқан төрдегі маманға мұқият зер салады. Көпшілік назарын аударған тақырып «Рухани жаңғыру бағдарламасын жаңа мазмұнда жүзеге асыру жолдары» деп аталады. Осыдан бір жарым жыл бұрын Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарық көргені баршаға аян. Аталған уақыт шеңберінде ұлттық құндылығымыз қайта жаңғырып, қазақ халқының өшпес мол мұрасы жандана түсті. Келешегіміз кемелденіп, ел жұртшылығы рухани тұрғыдан үлкен серпіліс алды.
Әлем халқы күн санап тың өзгеріске бейімделіп, түрлі санатта даму динамикасын құру үстінде. Олардың қатарынан ескінің сарқыншақтық дағдысын бірте-бірте жоюға күш жұмсаған қазақ мемлекетінің орны айрықша. Жалпы алғанда осы күнгі ұлттық сананы тәрбиелеу маңызды фактор. Ұшқыр ойлы, қарымды, қабілеті жоғары қоғам азаматының негізгі міндеті ұлт мүддесі үшін табанды еңбек ету болып табылады. Біздер бүгіннен бастап түбегейлі өзгеру үшін заман көшіне икемделу арқылы жарқын жетістікке толы жақсылықты бойымызға сіңіруіміз керек. Ұлттық кодты сақтай білу қағидаты қатаң сақталып, жаңғыруға бетбұрыс жасау мәңгілік елдің тұрғындары ұстанатын айқын мақсат. Аудиторияда сан түрлі мамандыққа бейім жас буын рухани жаңғыру өзегін талқылауға кірісіп кеткен. Өз деңгейін аңғартуға бағытталған топтық ойында әрбір қатысушы өзі тұратын тұрғылықты жердің әлеуетін тізбектеп, нағыз патриоттық, рухани кодты құлдыратпай ұстауды, оның жаңаша қөзқарасын қалыптастыруды айқындап берді.
Сонымен қатар, әрбір адамның бәсекелестікке қабілеті оянған жағдайда жұрт меңгерген озық тәжірибені өз ортамызда жүзеге асыра аламыз. Білім көкжиегі одан әріге серпін алып, болашағымыз саналы ұрпақ қолында екендігі сенім болу қажет. Облыстық рухани жаңғыру орталығының «Ақпарат толқыны» бөлімінің меңгерушісі Г.Әшірбекова семинар барысында республика көлемінде рухани жаңғыру мақаласы негізінде атқарылып жатқан жұмыс бағытын таразылап, жаңа мазмұндағы ілкімді істерге тоқталды.
Шара соңында топтық ойынның қорытындысы шығарылып, қатысушы азаматтар тарапынан бірқатар ұсыныс айтылды. Рухани жаңғыру тетігін жандандыру барысы жан-жақты талқыланды.

Б.ОРДАБЕКОВ
22 желтоқсан 2018 ж. 810 0