Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы


Бүгін ел аумағында ауа райы құбылмалы болады. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады, тек батыста ғана күн ашық.

Қазгидрометтің мәліметтеріне қарағанда, республиканың бірқатар аймақтарына тұман түсіп, көктайғақ болады. Бұрқасын соғып, жел күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғады. Желдің жалдамдығы секундына 15-20 метр болады, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с-ға дейін жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 25 м/с болады.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 17-22 м/с-ға жетеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, жолдарда көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында ақжорға жүреді.
Қарағанды облысында көктайғақ болады.


Baq.kz
18 желтоқсан 2018 ж. 795 0