Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 3 қарашаға арналған ауа райы болжамы

3 қарашаға арналған ауа райы болжамы

3 қараша күні Қазақстанның басым бөлігі белсенді ағындар аймағының ықпалында болуына байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде ауа райы ашық болады. Кей жерлерінде екпінді жел соғып, тұман түседі және көктайғақ болып, бұрқасын соғады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, бұрқасын соғуы ықтимал. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын соғып, түнде кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Қарағанды облысындағы кей жерлерде көктайғақ болады. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аудандарында желдің екпіні секундына 25 метрге жетеді.
Павлодар облысында кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр жылдамдықпен соқпақ.

03 қараша 2018 ж. 1 325 1

Гость JeaOrer от 18 ақпан 2019 01:33
Cialis Pressione Alta Cialis A 20 Anni Acheter Priligy Generique kamagra accion terapeutica Medicament Nolvadex Acheter Du Cialis A Marseille