Жасампаз жылдар жылнамасы
1992 жылы 2 наурыздан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі.
1992 жылы маусымда республиканың мемлекеттік Әнұраны, Туы мен Елтаңбасы бекітілді.
1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы тұңғыш Ата заңы қабылданды. 1993 жылдың 15 қарашасында төл теңгеміз айналымға түсті.
1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.
1997 жылы қазан айында Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық Жолдауы жарияланды.
1998 жылы 6 мамырда Елбасы Ақмола қаласын «Астана» деп атауға Жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып өтті.
2003 жылы Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І съезі өтті. 2005 жылы 18 қаңтарда Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны делимитациялау туралы келісім шартқа қол қойғаннан соң көршілес мемлекеттермен Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңды түрде рәсімдеу үдерісі толықтай аяқталды.
2010 жылы Үкімет Үдемелі индустриялықинновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Осы жылы Астана қаласында мемлекет тарихында тұңғыш рет ЕҚЫҰ-ның Саммиті өтті.
2011 жылы қаңтар-ақпан айларында Астана және Алматы қалаларында жетінші қысқы Азия ойындары өткізілді.
2012 жылы 22 қараша күні Халықаралық көрмелер бюросына мүше мемлекеттер «ЭКСПО-2017» Халықаралық арнайы көрмелерді өткізетін жер ретінде Астана қаласын таңдады.
2012 жылы желтоқсан айында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы жария етілді.
2014 жылы 29 мамырда Астана Еуразиялық экономикалық Одақ құру туралы келісім шартқа қол қойылды.
Бұл құжат 2015 жылы 1 қаңтардан бастап өз күшіне енді.
2015 жыл 27 шілдеде Қазақстан ресми түрде Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды. Женевада ұйымның Бас директоры Роберто Азеведо мен Қазақстан Президенті Н.Назарбаев ортақ хаттамаға қол қойды.
2016 жылы егемендікке ширек ғасыр. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларация қабылданды. Бұл уақытта қазақ елі толағай табысқа жетті.
2017 жылы Қазақстан алғаш рет халықаралық маңызы бар ЭКСПО көрмесін ұйымдастырды. Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында елордамыз Астана қаласында өтті. Оған 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты.
Дайындаған Е.БЕРКІНБАЕВ
Пікір 1