Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » СЫРДАРИЯЛЫҚ АНАЛАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

СЫРДАРИЯЛЫҚ АНАЛАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ


Жақында Қызылорда қаласында ауыл әйелдерінің форумы өтті.
Аталған форумға қоғам дамуына айрықша үлес қосып жүрген сырдариялық ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектер қатысып, облыс әкімінің "Алғыс хатымен" және түрлі номинациялармен марапатталды.
Аталмыш форумды Қызылорда облысы әкімі орынбасары, облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Рүстемов Руслан Рүстемұлы жүргізіп отырды.
Сыр өңірінде отбасымен және бүгінгі қоғамның дамып, өркендеуіне әр салада жүріп өзінің сүбелі үлесін қосып, адал еңбегін арнаған 35 әйел-анаға «Ғасыр-Ана», «Үздік білім қызметкері», «Үздік медицина қызметкері», «Үздік фермерлік және шаруа қожалығының басшысы», «Үздік пошта немесе өндіріс қызметкері», «Үздік сауда және қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнес басшысы» номинациялары бойынша аймақ басшысы атынан дипломдар табысталды.
Сырдария ауданынан барған аналарға да аймақ басшысының "Алғыс хаты" берілді.
Ауданнан барған делегация мүшелері форумнан тың серпін алып келді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі аудандық газетте арнайы мақала жариялады.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
13 желтоқсан 2018 ж. 1 101 0