Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫ «МЕРКЕ» ШИПАЖАЙЫНДА

КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫ «МЕРКЕ» ШИПАЖАЙЫНДА


Бала бағбаны болып жүрген білім қызметкерлеріне аймақта қолдау көп. Оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, мектеп қабырғасында қажырлы еңбек етіп жүрген ұстаздардың еңбектері жыл сайын еленіп келеді. Соның бір дәлелі, жақында облыс ұстаздары Жамбыл облысындағы «Мерке» мен Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Манкент» шипажайында болды. Аяулы мамандық иелерінің демалысын ұйымдастыру және шипажай жұмысымен танысу мақсатындағы семинарды облыстық кәсіподақ комитеті ұйымдастырды. Білім қызметкерлерін кәсіподақ төрайымы Райкүл Байназар­ова бастап барды.
Семинарға әр ауданнан сала қызметкерлері қатысты. Оның ішінде, Сырдариядан аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы А.Есназар және №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейден Ж.Сәркеева, №37 мектеп-лицейден Т.Дүйсенов, №42 Қ.Баймағамбетов атын­дағы мектеп-лицейден Ә.Сейітмұ­ра­­­­­­т­ова арнайы барды.
Тынығу және шипажай жұ­мысын білу бағытындағы семинарда аймақ ұстаздары ерекше әсер алды. Негізінен, «Мерке» шипажайының басты ерекшелігі – емдік шаралары кезінде республикада теңдесі жоқ радон минералды суы қолданылады. Мұның адам ағзасына тигізер пайдасы көп. «Манкент» шипажайының суы да емдік мақсатта пайдаланылады. Жалпы, қос демалыс орнында барлық жағдай жасалған.
Семинарда алдымен, бас­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­шы­­ларымен кездесулер ұйым­дастырылды. Онда облыс­тық кәсіподақ комитеті тө­­­­­райымы Р.Байназарова Сыр ұстаздарының жылдағы жетіс­тіктеріне тоқталып, бо­­­ла­­­шақ саналы ұрпақ тәрбиелеуші мұғалімдерге әркез зор құрмет көрсетіліп, демалыс шаралары дәстүрлі түрде өтіп тұратынын жеткізді. Соның бір парасы ретінде, кәсіподақ төрағалары мен төрайымдарына арнайы семинар ұйымдастырылып отырғанын тілге тиек етті. Өз кезегінде, шипажай қызметкерлері де демалыс орнының жұмысымен таныстырып, құрмет көрсетті. Екі күндік семинардан Сыр ұстаздары бір серпіліп, өзара тәжірибе алмасты. Мұндай шараның білім қызметкерлеріне тигізер пайдасы зор екенін атап, ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын жеткізді.

Жанна СӘРКЕЕВА,
№35 И.Тоқтыбаев атындағы
мектеп-лицейінің мұғалімі
21 қараша 2018 ж. 1 060 0