Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Наркозға тәуелді боп қалған: Әйел ауруы туралы өтірік айтып, 9 рет қажетсіз ота жасатқан

Наркозға тәуелді боп қалған: Әйел ауруы туралы өтірік айтып, 9 рет қажетсіз ота жасатқан


Ұлыбританиядағы Хартфордшир графтығының тұрғыны Ники Хэри анестезияның әсерін қайта сезініп, ауруды басатын дәрілерді жазғызып алу үшін 9 рет дәрігерлерге өтірік айтып, ота жасауға көндірген.

Бұл туралы The Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Хэридің сөзінше, оның наркозға тәуелділігі 18 жасында пайда болыпты. Ол кезде тізесіп ауырған екен. Артынша дәрігер оған ауруды басатын «Ко-кодамол» дәрісін жазып беріпті. 5 айдан кейін дәрі әсер етпейтін болған. Сондықтан бойжеткенге ота жасау туралы шешім шығарылып, оған морфий салады.
«Аспанда ұшып жүргендей болдым. Ал басқасы маңызды емес. Бұл маған қатты ұнап қалды», – дейді Хэри.
Ол ауруханадан шығарылғаннан кейін дәрігерлер тағы да «Ко-кодамол» ішуге кеңес береді.
Уақыт өте келе бойжеткен дәрінің 3 таблеткасының орнына, күн сайын 10 таблетка қабылдай бастапты. Егер дәріні ұзақ уақыт бойы қабылдамаса, қалтырап, үрейленетін болған. Ал дәріні қабылдау уақыты біткеннен кейін, Хэри тізесінің әлі де ауыратыны туралы өтірік айтқан. Алайда дәрігер ауруды басатын дәрілерді ұзақ уақыт ішуге болмайтынын, үзіліс жасау керектігін айтқанда, бойжеткен бірден дәрігерін ауыстыратын болыпты. Күйеуі одан таблеткаларды қабылдауды тоқтатуын сұраған. Алайда Хэри дәрілерді жасырып жүріп қабылдай береді.
Хэри 30 жасқа толғанда дәрігерлердің ауруды басатын дәрілерді жазып бермей қоятынынан қатты қорқып, сол үшін тізесіне тағы бір ота жасауды ойға алады. Оның аяғында еш қиындық болмаса да, дәрігерді ота жасауға көндірген. Осылайша, ол 12 жыл ішінде анестезияның әсері мен дәрілік заттарды қабылдау үшін аяғына тағы 6 ота жасатады.
Әйел 2 рет жүкті болған кезінде ғана таблеткалардан бас тартқан. Ал өзінің көңіл-күйінің нашарлығын гормондық өзгерістермен байланыстырып, жақындарына өтірік айтқан. Хэри екінші баласын дүниеге әкелгеннен кейін дәріден толықтай бас тартыпты. Алайда босану кезінде жыныс жолдары жыртылып кеткендіктен, дәрігерлер тағы да «Ко-кодамол» жазып береді. Осылайша әйел дәрілік затты қайтадан есепсіз қабылдай бастапты. Уақыт өте келе оған жұмысынан шығуға тура келеді. Сонымен қатар күйеуімен қарым-қатынасы да нашарлаған.
Хэри 35 жасында ақыл тісін жұлдырмақшы болып, тағы 2 рет ота жасатқан. Сол кезде әйел дәрігерлердің наркоз беруін талап етіп тұрып алыпты. Ал 41 жасында Хэри жыныс жолдарында ауру белгілері пайда болып, ол жатырын алып тастау үшін ота жасатады. Алайда оның дертін отасыз-ақ  емдеуге болған екен.
Мұнан кейін Хэри төсектен тұра алмай қалған. Ол дәрі қабылдап, ұйықтап, кейде ғана балаларына кешкі ас дайындап беріпті. Салдарынан осы кезде күйеуі оны тастап кеткен. Артынша екі құрбысы оны мәжбүрлі түрде психиатрға алып барыпты. Өз кезегінде маман әйелдің есірткіге тәуелді болып қалғанын айтып, оңалту орталығына жібереді.
Уақыт өте келе әйел есірткіге тәуелділігін жеңді. Ендігі ол басы қатты ауырса да дәрі қабылдамайтын болған.
29 қазан 2018 ж. 1 309 2

Гость JeaOrer от 22 ақпан 2019 02:36
Overnight Delivery Viagra Metformin Non Prescription Ou Acheter Du Cialis En Belgique http://kamagpills.com Cialis Generico Answer Peut Acheter Baclofene

Гость JeaOrer от 11 наурыз 2019 17:02
Amoxicillin On Line Doctors For Prescriptions Who Invented Amoxicillin Can Canines Have Amoxicillin When Nursing cialis Viagra Pills Generic Levitra Paypal