Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Азия чемпионатында семсерлесуден еліміздің қоржынына екі «алтын» түсті

Азия чемпионатында семсерлесуден еліміздің қоржынына екі «алтын» түсті


Филиппиннің Манила қаласында өтіп жатқан семсерлесуден 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы екі алтынмен толықты.
Алдымен саблядан Қазақстан әйелдер командасы финалда Оңтүстік Корея спортшыларын 45:32 есебімен жеңіп, чемпион атанды.
  Қазақстан намысын Айбике Хабибуллина, Әйгерім Сарыбай, Анастасия Гулик және Карина Доспай қорғаған болатын. Хабибуллина саблядан жекелей сында чемпион атанып, Әйгерім Сарыбайдың күміс жүлдегер атанғанын да естеріңізге саламыз.  Сондай-ақ, ерлер командасы да қалыс қалған жоқ. Шпагадан командалық сында Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Кирилл Павлов және Ержан Самбеталиев Оңтүстік Корея құрамасын 34:33 есебімен тізе бүктірді.

Olympic.kz


21 қазан 2018 ж. 1 118 0