СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА
Аудан бойынша «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты аясында және "Стартап жаңа бизнес идеяларды" іске асыру мақсатында 60 адамға мемлекеттік грант беру жоспарланды.
Конкурстың бірінші кезеңіне 41 адам қатысып, 24-і жеңімпаз болып танылды. Қазіргі таңда екінші кезеңге үміткерлердің құжаттары жинақталуда.
Бағдарламаның шағын несиелендіру тетігі бойынша "Аграрлық несие" серіктестігіне, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау" қорына, "Өңірлік инвестициялық орталығына" 810 млн.теңгенің 202 жобасы қаржыландыру үшін ұсынылды.
Ауданға бөлінген қаржыға сәйкес қаржы ұйымдарынан құны 362,7 млн.теңгенің 121 жобасы қаржыландырылды.
Ашылған жұмыс орындары 142. Олардың басым бөлігі мал басын көбейту, бордақылау, монша ашу, қажетті техникаларды алу секілді мәселелерді қамтиды.
Өңірлік инвестициялық орталығында қазан айында өткізілген бақылау кеңесіне құны 212,7 млн.теңгенің 69 жобасы ұсынылып, 119,2 млн.теңгенің 49 жобасы мақұлданды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.