Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТЕРЕК ТАЛДАРЫ ТЕРЕҢӨЗЕККЕ СӘН БЕРІП ТҰР

ТЕРЕК ТАЛДАРЫ ТЕРЕҢӨЗЕККЕ СӘН БЕРІП ТҰР


Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентіне кіреберіс маңдағы Бұқарбай батыр көшесіндегі терек талдары кенттің жасыл желекке орануына септігін тигізіп, ерекше сән беріп тұр.
Осыдан екі-үш жыл бұрын аудан әкімінің бастамасымен егілген талдардың барлығы дерлік көктегенін аудан тұрғындары жақсы біледі.
Ұзақ жылдар бойы бұл маңға терек талдарының өспегенін ескерсек, бұл игі істің нақты нәтиже беруі таза ниетке, адал еңбекке, туған жердің гүлденуіне деген шынайы жанашырлыққа байланысты екенін аңғаруға болады.
Жалпы, аудан бойынша соңғы жылдары мыңдаған көшеттер егіліп, олардың көктеуі тұрақты бақылауға алынған. Биылдың өзінде аудан орталығынан жаңадан екі аллея ашылды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.



26 мамыр 2018 ж. 1 229 0